Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«19 тамызда Алматы қаласында, түнде Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады», — деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел болмауы, тұман) жиынтығы.

Мамандардың пікірінше, мұндай жағдайлар көбіне жел болмауы, тұман және ауа инверсиясы кезінде туындайды. Соның салдарынан зиян қоспалар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Мұндай күндері тұрғындарға сыртта ұзақ жүрмеуге, әсіресе, көлік көп қатынайтын жерлерден аулақ болуға кеңес беріледі. Балалар, жүкті әйелдер және созылмалы сырқаты бар адамдар ерекше сақ болғаны жөн.

2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер өседі 

Еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлемдер 8,5%-ға өседі.

Алматы тауларында жоғалған Корея азаматы әлі табылмай жатыр

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Корея Республикасының 73 жастағы азаматы әлі іздестіріліп жатыр.

Пәтер, ипотека және бизнес: Неке шартын жасасу кезінде нені ескеру керек? 

Неке шарты – бұл жұбайларға мүлік, отбасылық шығындар және қаржылық міндеттемелер туралы алдын ала келісіп алуға көмектесетін маңызды құжат.

Реализация МЭКС: Канат Бозумбаев поручил привлечь больше банков к финансированию модернизации коммунальных сетей

В Алматы под председательством заместителя Премьер-министра Каната Бозумбаева состоялось...