Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров және Қаржы министрі Мәди Тәкиев қатысты.

Президентке экономиканың қазіргі ахуалы туралы баяндалып, 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, 2027-2029 жылғы республикалық бюджет параметрлері жөнінде мәлімет берілді.

Талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл экономикалық өсім көрсеткіштеріне қол жеткізу, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттің негізгі басымдықтарының бірі – аурухана, балаларды оңалту орталығы, мәдениет, спорт ғимараттары секілді инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар құрылысын жеделдетіп салу керек екенін айтты.

Енді үй жануарын тастап кеткендер жауапқа тартылады

Қазақстанда үй жануарларын асырайтын азаматтарға қойылатын талаптар күшейтіледі. Егер адам жануарынан бас тартуды шешсе, оны жай ғана көшеге тастап кете алмайды.

Қазақстанда бір тәулікте 12 орман өрті тіркелді 

Мамандар өрт қауіпті кезеңде табиғат аясында демалған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Құрылтай сайлауы күні Алматы тұрғындары қоғамдық көлікті тегін пайдалана алады

Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері 23 тамызда, Құрылтай сайлауы өтетін күні, қаланың қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін болатынын мәлімдеді.

2026 жылы жалғызбасты ана қалай баспаналы бола алады? 

Толық емес отбасы тұрғын үй кезегіне тұрып, жалдамалы баспана, жалдау ақысын субсидиялау, жеңілдетілген ипотека немесе тұрғын үй сертификаты сияқты қолдау тетіктерін пайдалана алады