Президент Тоқаевтың 30 жылдан астам уақыттағы айтқан сөздері бір кітапқа топтастырылды 

Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың таңдаулы ой-пікірлері мен қанатты сөздері топтастырылған «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» атты кітап жарық көрді.

Басылымда Президенттің 1994 жылғы архивтік материалдардан бастап, кейінгі жылдардағы сөйлеген сөздеріне дейінгі отыз жылдан астам уақытты қамтитын таңдаулы тұжырымдары жинақталған. Кітапқа Мемлекет басшысының Қазақстандағы және беделді халықаралық алаңдарда сөйлеген сөздерінен алынған негізгі тезистері мен маңызды ойлары енгізілген.

Жинақ материалдары 21 тақырыптық бөлімге жүйеленген. Онда заң үстемдігі, қоғамдық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару, білім беру және жастар саясаты, цифрландыру, ұлттық бірегейлік, экологиялық мәдениет және «Таза Қазақстан» бастамасы секілді өзекті бағыттар қамтылған.

Кітап Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет құру мен қоғамды дамытуға қатысты көзқарастарының қалыптасуы мен сабақтастығын айқын көрсетеді. Әр жылдары айтылған ой-тұжырымдар әділеттілік, заңдылық, жауапкершілік және ұлттық бірлік қағидаттарының Президенттің жария мәлімдемелерінде тұрақты түрде көрініс тауып келе жатқанын дәлелдейді.

Басылым мемлекеттік қызметшілерге, оқытушыларға, студенттерге, жас мамандарға, зерттеушілерге, сондай-ақ Қазақстанның қазіргі тарихы мен даму үдерістеріне қызығушылық танытатын көпшілік оқырманға арналған.

Алдағы уақытта кітаптың таралымы қоғамдық кітапханалардың, жоғары оқу орындарының, колледждердің, саяси партиялардың және жастар ресурстық орталықтарының қорына жолданады.

Алматыдағы жаңа стадион 2028 жылы пайдалануға беріледі

УЕФА-ның төртінші санатына сәйкес салынатын спорт нысаны халықаралық деңгейдегі матчтар мен ірі спорттық іс-шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

26%-ға төмендеген өлім-жітім: Неге скринингтен өтуге қорықпау керек? 

Елімізде жыл сайын онкологиялық аурулардың шамамен 43 мың жаңа жағдайы анықталады.

Қазақстан академиялық ескек есуден U19 әлем чемпионатында бақ сынайды 

Әлем біріншілігінде Қазақстан атынан екі спортшы сынға түседі. Семён Первушкин және Дмитрий Ануприев ел намысын қорғайды.

Қазақстан Орталық Азиядағы ең дамыған ел атанды 

Қазақстан Legatum Prosperity Index 2026 халықаралық рейтингінде Орталық Азия мемлекеттері арасында көш бастап, әлемнің 161 елі ішінде 66-орынға ие болды.

Версия под сомнением

ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ ПО ДЕЛУ НУРАЙ СЕРИКБАЙ ПОСТАВИЛО НОВЫЕ ВОПРОСЫ: ПОЧЕМУ ПОДСУДИМЫЙ ИЗМЕНИЛ СВОИ ПОКАЗАНИЯ, ЧТО УВИДЕЛ ЕДИНСТВЕННЫЙ ОЧЕВИДЕЦ НАПАДЕНИЯ И ДЕЙСТВИТЕЛЬНО ЛИ ОБРАЩЕНИЯ СЕМЬИ В ПОЛИЦИЮ ОСТАЛИСЬ БЕЗ ДОЛЖНОЙ РЕАКЦИИ. ЭТИ ОБСТОЯТЕЛЬСТВА СТАЛИ ПРЕДМЕТОМ СУДЕБНОГО ИССЛЕДОВАНИЯ.