26%-ға төмендеген өлім-жітім: Неге скринингтен өтуге қорықпау керек? 

Қазақстандағы онкологиямен күресте өлім-жітім 26%-ға төмендеп, бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 65%-ға жеткен. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақстанда соңғы үш жылдың ішінде обырды ерте сатысында анықтау үлесі 6,1%-ға өсіп, 36,8%-ға жетті. Ал онкологиялық аурулардың асқынған жағдайларының санын 7,5%-ға төмендетуге қол жеткізілді. Пациенттердің бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 65%-ға жетті, ал өлім деңгейі бірден 26,6%-ға төмендеді», — деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі. 

Негізгі тиімділік көрсеткіштері бойынша Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында жетекші орындардың бірін иеленіп, ерте диагностика мен заманауи емдеу әдістері онкологиялық аурулармен күрестің негізі болып саналатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің деңгейіне кезең-кезеңімен жақындап келеді.

«Біз әрбір пациент тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы онкологиялық көмек ала алатын жүйені дәйекті түрде қалыптастырып жатырмыз. Бұл бір реттік шешімдер емес, нақты нәтиже беріп отырған ұзақ мерзімді өзгерістер», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Бүгінде 246 мың пациент динамикалық бақылауда тұр. Елімізде жыл сайын онкологиялық аурулардың шамамен 43 мың жаңа жағдайы анықталады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі іске асырып жатқан онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар республиканың онкологиялық қызметін жүйелі жаңғыртудың негізіне айналды.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...

Жол ережесін қайта-қайта бұзғандар куәлігінен бір жылға айырылуы мүмкін 

Қазақстанда жол ережесін бірнеше мәрте және өрескел бұзған жүргізушілердің куәлігін бір жылға тоқтатуды көздейтін баллдық жүйе пысықталып жатыр.

Елімізде декреттік демалысқа шығу ережесі өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда ерлердің бала күтіміне байланысты демалысына қатысты өзгерістер талқыланып жатыр.

Алматыда LRT желісінің рельстерін төсеу басталды 

Алматыда Бауыржан Момышұлы көшесінде LRT бірінші желісі құрылысының жаңа кезеңі - темірбетон шпалдар мен рельс төсеу жұмыстары басталды.