Жаңбыр, найзағай: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды 

«Қазгидромет» бүгінге, 4 тамызға арналған ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстігі, батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл және екпіні 15-28 м/с-қа дейін жететін жел күтіледі.

Қатты ыстық Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында сақталады. Ауа температурасы кей жерлерде +35…+38 градусқа дейін көтеріледі.

Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және басқа да өңірлерде найзағай, бұршақ, дауыл мен қатты жел болжанып отыр. Кей аймақтарда шаңды дауыл мен тұман болуы мүмкін.

Сонымен қатар елдің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Әсіресе Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе және бірқатар басқа өңір тұрғындарына ерекше сақ болу ескертілді.

20-дан астам стример заңсыз контент таратқаны үшін жауапқа тартылды – ІІМ 

Ведомство заң талаптары интернетте де, күнделікті өмірде де барлық азамат үшін бірдей міндетті екенін еске салды.

«Сергек» енді самокатшыларды да бақылайды

Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзған электр самокаттарына бақылау күшейтіледі

Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті шықты 

Жасыбай орманшылығында шыққан өртті сөндіруге ұлттық парк пен ТЖД күштері жұмылдырылды. Оқиға орнына қосымша мамандар мен Ми-8 тікұшағы жіберілді.

Мектепте бағалау жүйесі өзгереді: Оқушылардың білімі енді қалай бағаланады? 

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау жүйесі өзгереді. Бұдан былай 1-4-сыныптарда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізілмейді.