«Сергек» енді самокатшыларды да бақылайды

Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзған электр самокаттарына бақылау күшейтіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа қағидаға сәйкес, самокаттарды жол бойына немесе қоғамдық орындарға ретсіз қалдыруға тыйым салу жоспарланған. Қала әкімдігі кикшеринг компанияларымен бірлесіп, самокаттарға арналған 1200-ден астам арнайы тұрақ орнын белгілеген. Жалға берілетін самокаттар осы орындарға қойылуы тиіс, ал жеке меншік самокат иелері бұл тұрақтарды тегін пайдалана алады.

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Сарғұловтың айтуынша, қазір самокаттарды бейнебақылау арқылы анықтау жұмыстары пысықталып жатыр.

«Самокаттарға әкімдік 1200-ден астам арнайы тұрақ белгіледі. Бұл жұмыс кикшеринг компанияларымен де пысықталған. Одан бөлек, сәйкестендіруге мүмкіндік беретін камералар қою мәселесін пысықтау қажет. Осы бағытта „Сергек“ жүйесімен де бірлесіп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді Ғалым Сарғұлов.

Полицияның мәліметінше, тамыз айының соңынан бастап самокаттарға қатысты жоспарлы тексерулер басталады. Рұқсат етілмеген жерге қалдырылған самокаттар айып тұрағына жеткізілуі мүмкін.

Қала тұрғындарының бір бөлігі қоғамдық орындарда ретсіз қалдырылған самокаттарды арнайы тұрақтарға орналастыруды қолдайды. Дегенмен кейбірі самокат жүргізушілеріне шектеуді күшейткеннен гөрі, оларға арналған арнайы жолақтар салу қажет деп есептейді.

Қазіргі уақытта кикшеринг компаниялары самокаттарды талапқа сай қалдырмаған пайдаланушыларға толыққанды шара қолдана алмайды. Осыған байланысты жаңа ережелерді енгізуге дайындық жүргізіліп, компанияларға кемшіліктерді түзетуге уақыт берілген.

Полицияның хабарлауынша, жыл басынан бері Алматыда 17 мың электр самокаты айып тұрағына қойылған.

Бұған дейін Қазақстанда электрсамокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салатын заң қабылданған еді. Өзгеріс 25 тамыздан бастап күшіне енеді. Осы күннен бастап тротуармен жүрген электросамокат жүргізушілеріне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабы бойынша 2 АЕК (8650 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Бұған дейін самокат жүргізушілеріне жаяу жүргіншілерге қауіп төндірмей, сағатына 6 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен тротуармен жүруге рұқсат етілетін.

Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті шықты 

Жасыбай орманшылығында шыққан өртті сөндіруге ұлттық парк пен ТЖД күштері жұмылдырылды. Оқиға орнына қосымша мамандар мен Ми-8 тікұшағы жіберілді.

Мектепте бағалау жүйесі өзгереді: Оқушылардың білімі енді қалай бағаланады? 

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау жүйесі өзгереді. Бұдан былай 1-4-сыныптарда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізілмейді.

Жаңа оқу жылының күнтізбесі: Оқушылар қанша күн демалады?

Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027...

Мектеп формасына қатысты маңызды мәлімдеме жарияланды

Мектеп формасын белгілі бір дүкеннен сатып алуға ешкім мәжбүрлей...