Қазақстанның 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

    «Қазгидромет» РМК 30 шілде мен алдағы күндерге еліміздің 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, өңірлерде аптап ыстық, найзағай, бұршақ, дауылды жел, шаңды дауыл мен тұман күтіледі. Сонымен қатар жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола, Ақтөбе, Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні секундына 15–23 метрге дейін жетеді.

Ал Алматы, Жетісу, Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында аптап ыстық сақталады. Кейбір өңірлерде ауа температурасы 40–42 градусқа дейін көтерілсе, 31 шілде мен 1–2 тамызда Абай, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде 41 градусқа дейін ыстық болады.

Түркістан облысында шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.
Сондай-ақ синоптиктер еліміздің көптеген өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті.

Елордада 30 шілдеде күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте ауа температурасы 40 градусқа дейін жетіп, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Қазақстанда ішкі туризм жеті жылда екі есе өсті – Туризм министрлігі 

Қазақстанда соңғы жеті жылда ішкі туристер саны 8,5 миллионға жетіп, мемлекеттік бюджетке 630 миллиард теңге табыс әкелді.

Елімізде тұмауға қарсы вакцинация басталды. Кімдерге тегін салады?

Вакцинация ең алдымен тұмауды жұқтыру немесе аурудың асқыну қаупі жоғары азаматтарды қамтиды. Екпе медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін жасалады.

Жер сілкінісі, су тасқыны мен өрттен баспананы сақтандыру: Тұрғын үй иелері нені білуі керек? 

Жер сілкінісі, су тасқыны немесе өрт сияқты төтенше жағдайлар тұрғын үйге орасан шығын келтіруі мүмкін. Мұндай тәуекелдерден қорғанудың бір жолы – баспананы сақтандыру.

Қазан айында ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы 

«Қазгидромет» болжамы бойынша, елдің басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 °C жоғары болады.

Алматыда көмір жағуға тыйым салынады: жаңа ереже қашан күшіне енеді?

Алматыда газ берілген аумақтардағы жеке үйлер мен моншаларда көмір, ағаш және басқа да қатты әрі сұйық отынды пайдалануға шектеу енгізіледі. Жаңа талап 2026 жылғы 30 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.