Тәулік бойы күзет пен бірқатар шектеу қойылды – Көбейтұз көлі қорғауға алынды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды.

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қосу бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта көл аумағында табиғатты қорғау шараларының кешені жүзеге асырылып келеді. Көлге іргелес аумақта қоршаулар мен ақпараттық тақталар орнатылды. Алдағы уақытта көл аумағында қонақтар үшін арнайы автотұрақ пен шолу алаңдары пайда болады. Бұл қоршаған ортаға зиян келтірмей оны тамашалауға мүмкіндік береді, — деді Ақмола облысының әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, көлге қатысты бірқатар шектеу қойылып отыр: автокөлікпен кіруге, жағалау аумағына баруға, шомылуға, тұз бен емдік балшық жинауға толықтай тыйым салынады. Ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары мен полиция қызметкерлері аумақты тәулік бойы күзетіп жатыр.

Бұл шаралар соңғы жылдары айтарлықтай антропогендік зардап шеккен көлді сақтауға бағытталған. Ақмола облысының әкімдігі азаматтарды бірегей экожүйені болашақ ұрпақ үшін сақтау мақсатында белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

Астанадан шамамен 160 шақырым жерде орналасқан Көбейтұз көлі өзінің ерекше қызғылт реңімен танымал. Осындай бірегей табиғи ерекшелік мыңдаған туристің қызығушылығын тудырып, көлге келетін адам саны жыл сайын артып келеді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Көбейтұз көлінің жай-күйіне назар аударғанын хабарладық

Сондай-ақ, Көбейтұз көлі ұлттық парк құрамына енетіні айтылды.

Көбейтұзға ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі беріледі. Бұл туралы 2020 жылғы 22 шілдеде ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барысында айтылған болатын.

Кезінде Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының сайтында Көбейтұзды 49 жылға жеке пайдалануға беру туралы байқау жарияланған болатын.

Сол кездегі Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев сөйлесіп, Көбейтұзды аукционға шығармай, жалға бермеуді шешкенін хабарлаған еді.

Айта кетейік, 2020 жылы әлемді жайлаған короновирус кезінде көпшілік Көбейтұз көлінің тұзы мен балшығы вирусқа қарсы ем болады деп сеніп, көлдің  балшығы мен тұзын шелектеп алып сатқан болатын.

Қазақстанда ішкі туризм жеті жылда екі есе өсті – Туризм министрлігі 

Қазақстанда соңғы жеті жылда ішкі туристер саны 8,5 миллионға жетіп, мемлекеттік бюджетке 630 миллиард теңге табыс әкелді.

Елімізде тұмауға қарсы вакцинация басталды. Кімдерге тегін салады?

Вакцинация ең алдымен тұмауды жұқтыру немесе аурудың асқыну қаупі жоғары азаматтарды қамтиды. Екпе медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін жасалады.

Жер сілкінісі, су тасқыны мен өрттен баспананы сақтандыру: Тұрғын үй иелері нені білуі керек? 

Жер сілкінісі, су тасқыны немесе өрт сияқты төтенше жағдайлар тұрғын үйге орасан шығын келтіруі мүмкін. Мұндай тәуекелдерден қорғанудың бір жолы – баспананы сақтандыру.

Қазан айында ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы 

«Қазгидромет» болжамы бойынша, елдің басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 °C жоғары болады.

Алматыда көмір жағуға тыйым салынады: жаңа ереже қашан күшіне енеді?

Алматыда газ берілген аумақтардағы жеке үйлер мен моншаларда көмір, ағаш және басқа да қатты әрі сұйық отынды пайдалануға шектеу енгізіледі. Жаңа талап 2026 жылғы 30 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.