Қазақстан тәуліктік мұнай өндірісін 1,63 млн баррельге дейін қысқартты

Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Қара теңіздегі терминалы арқылы мұнай экспортын уақытша тоқтатуына байланысты Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Reuters агенттігі ақпаратына сүйенсек, 22 шілдеде елдегі мұнай және газ конденсатын тәуліктік өндіру көлемі 215,6 мың тоннаға (тәулігіне шамамен 1,63 млн баррель) дейін азайған. Ал ай басынан бергі орташа көрсеткіш 274 мың тоннаны (2,07 млн баррель) құраған.

Сондай-ақ еліміздегі ең ірі Теңіз кен орнында өндіріс көлемі айтарлықтай қысқарған. Дереккөздің мәліметінше, тәуліктік өндіріс 925 мың баррельден 406 мың баррельге дейін төмендеген.

Еске сала кетейік, 21 шілдеде Каспий құбыр консорциумы ұшқышсыз ұшу аппараттарының танкерлерге жасаған шабуылдарынан кейін Қара теңіздегі терминалы арқылы мұнай қабылдауды уақытша тоқтатқан болатын.

Қазақстан экспорттайтын мұнайдың 80 пайыздан астамы Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалданады. Бұл бағытпен негізінен Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарының мұнайы жөнелтіледі.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...

Жол ережесін қайта-қайта бұзғандар куәлігінен бір жылға айырылуы мүмкін 

Қазақстанда жол ережесін бірнеше мәрте және өрескел бұзған жүргізушілердің куәлігін бір жылға тоқтатуды көздейтін баллдық жүйе пысықталып жатыр.

Елімізде декреттік демалысқа шығу ережесі өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда ерлердің бала күтіміне байланысты демалысына қатысты өзгерістер талқыланып жатыр.

Алматыда LRT желісінің рельстерін төсеу басталды 

Алматыда Бауыржан Момышұлы көшесінде LRT бірінші желісі құрылысының жаңа кезеңі - темірбетон шпалдар мен рельс төсеу жұмыстары басталды.