Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды 

Шымкентте көшеде пышақ жарақатынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісіне қатысты отырыс тікелей эфирде көрсетілмейтін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров хабарлады. 

Нұрайдың ісі бойынша сот тікелей эфирде өткізуден бас тартты. Алайда журналистерге сотқа қатысуға, түсіруге кедергі жоқ екендігін жеткізді, — дейді адвокат.

Сот отырыстары әр аптаның сейсенбі және жұма күндері таңертеңгі сағат 10:00-де өтетін болды.

Еске салайық, 2026 жылғы 11 қаңтар күні көпқабатты тұрғын үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды. Куәгерлер марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болғанын айтқан. Полиция күдіктінің марқұммен бұрын таныс болғанын мәлімдеді.

Кейін 13 қаңтарда полицияның жедел-іздестіру шаралары барысында Шымкент қаласының 21 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен 28 жастағы ер адамды ұстады. Сот оны қамауға алу туралы шешім шығарды, тергеу «Адам өлтіру» бабы бойынша жүргізілген болатын. 

Пышақ жарақатынан қаза тапқан қыздың туған ағасы әлеуметтік желіде мәлімдеме жариялап, болған оқиғаға қатысты отбасының ұстанымын жеткізді. Марқұмның ағасының айтуынша, Нұрай күдіктімен шамамен бір жылдай таныс болған. Оның сөзінше, ер адам кейіннен қызды алып қашқанымен, Нұрай қашып құтылған. Осыдан кейін күдікті оны аңдып, қоқан-лоқы көрсетуді жалғастырған.

Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды 

Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында көрсетіледі.

Мемлекет басшысы Мысыр халқын Революция күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.

Жүргізушілерге жаңа талап: 25 тамыздан бастап не өзгереді?

Ішкі істер министрлігі биыл 25 тамыздан бастап «Жол жүрісі туралы» заңға енгізілетін өзгерістер күшіне енетінін хабарлады. Осыған байланысты министрлік өкілдері өзгерістерді түсіндірді.

Цифрлық теңге қаржы жүйесін қалай өзгертеді? Сарапшы түсіндірді 

Қазақстанда цифрлық теңгені кезең-кезеңімен енгізу жалғасып жатыр.

Эболадан қайтыс болғандар саны мыңнан асты 

ДДҰ мәліметіне сәйкес, екі елде жалпы 501 адам дерттен сауығып шыққан.