Жүргізушілерге жаңа талап: 25 тамыздан бастап не өзгереді?

Ішкі істер министрлігі биыл 25 тамыздан бастап «Жол жүрісі туралы» заңға енгізілетін өзгерістер күшіне енетінін хабарлады. Осыған байланысты министрлік өкілдері өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Ең алдымен, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өту қажеттігін екенін еске саламыз. Міндетті медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі арасында автоматты түрде алмасады. Егер мемлекеттік ақпараттық жүйеде жүргізушінің медициналық тексеруден өткені және көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдерінің жоқтығы расталмаса, көлік құралын басқару құқығы тоқтатылады. Бұл талап тек 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілерге ғана қатысты екенін ерекше атап өтеміз», делінген ақпаратта.

Келесі өзгеріс жол жүрісі қағидаларын білу деңгейін қайта тексеруге қатысты.

Заңда көзделген жағдайларда жолда жүру қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілер қайтадан теориялық емтихан тапсыруға жіберілуі мүмкін. Мысалы, жол қиылысынан өту кезінде апаттық жағдай туғызу, белгіленген жылдамдықты бірнеше рет асыру, маневр жасау, жолақ ауыстыру немесе басып озу қағидаларын қауіпті түрде бұзу сияқты өрескел құқық бұзушылықтар. Бұл талап барлық жүргізушіге емес, тек заңда нақты көзделген жағдайларда ғана қолданылады.

«Егер жүргізуші дәлелді себепсіз тиісті қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде теориялық емтиханға келмесе, бұл да көлік құралын басқару құқығын тоқтатуға негіз болады. Сонымен қатар алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік басқарғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Енді қылмыстық іс жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылғанның өзінде, құқық бұзушы сегіз жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Ал егер жүргізуші куәлігі бомаса, оны сегіз жыл бойы алу мүмкін болмайды. Бұл өзгерістердің барлығы жол жүрісі қауіпсіздігін арттыруға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған. Барша жол жүрісіне қатысушыларды жолда жүру қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз. Ал бұл талапқа жататын жүргізушілер міндетті медициналық тексеруден уақытылы өтуі қажет», делінген ақпаратта.

Цифрлық теңге қаржы жүйесін қалай өзгертеді? Сарапшы түсіндірді 

Қазақстанда цифрлық теңгені кезең-кезеңімен енгізу жалғасып жатыр.

Эболадан қайтыс болғандар саны мыңнан асты 

ДДҰ мәліметіне сәйкес, екі елде жалпы 501 адам дерттен сауығып шыққан.

Салтанат Нүкенова ісі бойынша сотталған Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады 

Салтанат Нүкенова ісі бойынша сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шықты. Мұндай шешімнің себебі неде?

127 мың талапкер, 75 мың грант: Биылғы конкурс қалай өтеді?

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қай санатта?

Өзін-өзі жұмыспен қам­тыған адам – жаңа Салық кодексіндегі экономикалық белсенді азамат­тардың жаңа санаты. Оған дербес қызмет көрсететін немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жұмыс істейтін, жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын және салық заңнамасында белгіленген шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар жатады.