Елімізде бір тәулікте 55 орман өрті тіркелді

20 шілдеде Мемлекеттік орман қоры аумағында 55 орман өрті тіркелді. Барлық өрт найзағайдың жарқылынан тұтанған, деп хабарлайды Egemen.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша:

  • «Семей орманы» МОТР – 41 орман өрті;
  • «Ертіс орманы» МОТР – 9 орман өрті;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 3 орман өрті;
  • «Наурызым» мемлекеттік табиғи қорығы – 1 орман өрті;
  • «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – 1 орман өрті.

Найзағай разрядтарының салдарынан қысқа уақыт ішінде көптеген өрт ошақтарының пайда болуы орман күзеті қызметкерлері үшін үлкен сынақ болды.

Алайда олардың жоғары кәсібилігінің, жедел әрі үйлесімді іс-қимылының, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерімен, жергілікті атқарушы органдармен және азаматтық қорғаудың басқа да күштерімен тиімді өзара іс-қимылдың арқасында 55 орман өртінің барлығы дер кезінде анықталып, оқшауланып, сөндірілді немесе толық бақылауға алынды. Соның нәтижесінде өрттің таралуына және ірі орман өрттерінің туындауына жол берілген жоқ.

Әрбір найзағайлы фронт бір мезетте ондаған өрт ошағының пайда болуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан өрт қауіпті кезеңде орман күзеті мемлекеттік орман қорын сенімді қорғауды қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы үздіксіз қызмет атқарады.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...

Жол ережесін қайта-қайта бұзғандар куәлігінен бір жылға айырылуы мүмкін 

Қазақстанда жол ережесін бірнеше мәрте және өрескел бұзған жүргізушілердің куәлігін бір жылға тоқтатуды көздейтін баллдық жүйе пысықталып жатыр.

Елімізде декреттік демалысқа шығу ережесі өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда ерлердің бала күтіміне байланысты демалысына қатысты өзгерістер талқыланып жатыр.