Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы хабарлама келді

Қырғызстанда түнде магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді. Осыдан кейін Алматы тұрғындарының ұялы телефондарына көрші елде қайталама жерасты дүмпулері болуы мүмкін екені туралы шұғыл ескерту хабарламасы келді, деп жазады Egemen.kz.

Жер сілкінісі Астана уақытымен 01:41-де Қырғызстанның Нарын облысында тіркелді. Ресми мәлімет бойынша оның магнитудасы 4,7 болған. Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің күші 3-5 балл аралығында сезілген.

Алматы тұрғындарының смартфондарына төтенше жағдайлар қызметінен ескерту хабарламасы жіберіліп, онда ықтимал қайталама жерасты дүмпулеріне дайын болу ұсынылды. Осыдан кейін қала тұрғындары әлеуметтік желілерде бұл жағдайды қызу талқылай бастады. Көпшілігі мұндай хабарлама өздерін алаңдатқанын айтты.

Жалпы Алматы қаласының өзінде жер сілкінісі сезілген жоқ.

Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болғанын растады. Алайда еліміздің аумағында оның сезілгені туралы ақпарат түспеген.

Айта кетейік, Перуде магнитудасы 5,1 және 3,7 болатын екі жер сілкінісі тіркелді. Ел астанасы Лима қаласына жақын орналасқан Чупака провинциясында болған жер сілкінісінен 6 адам қаза тапты.

Еске сала кетейік, 25 маусымға қараған түні Венесуэланың солтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Магнитудасы 7,2 және 7,5 болған екі ірі жер сілкінісі небәрі 39 секунд айырмашылықпен қайталанды. Одан кейін тағы 782 дүмпу тіркелген. Бүгінде табиғи апат салдарынан 5 119 адам қаза тауып, жалпы 16 мыңнан астам тұрғын зардап шеккен.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...

Жол ережесін қайта-қайта бұзғандар куәлігінен бір жылға айырылуы мүмкін 

Қазақстанда жол ережесін бірнеше мәрте және өрескел бұзған жүргізушілердің куәлігін бір жылға тоқтатуды көздейтін баллдық жүйе пысықталып жатыр.

Елімізде декреттік демалысқа шығу ережесі өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда ерлердің бала күтіміне байланысты демалысына қатысты өзгерістер талқыланып жатыр.

Алматыда LRT желісінің рельстерін төсеу басталды 

Алматыда Бауыржан Момышұлы көшесінде LRT бірінші желісі құрылысының жаңа кезеңі - темірбетон шпалдар мен рельс төсеу жұмыстары басталды.