ӘЧ – 2026: Мбаппе тарихи рекорд орнатты, Родри әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды 

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін турнирдің үздік ойыншылары мен жекелеген номинациялар бойынша жеңімпаздары анықталды.

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе сегіз матчта 10 гол соғып, турнирдің үздік сұрмергеніне арналған «Алтын бутсы» жүлдесін иеленді. Осылайша ол әлем чемпионаттары тарихында бұл марапатты екі рет жеңіп алған алғашқы футболшы атанды. Бұған дейін Мбаппе 2022 жылғы әлем чемпионатында да үздік бомбардир болған еді.

27 жастағы шабуылшы әлем чемпионаттары тарихындағы жалпы гол саны бойынша да жаңа белеске жетіп, өз еншісіндегі гол санын 22-ге жеткізді.

Турнирдің үздік ойыншысы атағы Испания құрамасының капитаны Родриге бұйырды. Жартылай қорғаушы Испанияның әлем чемпионы атануына зор үлес қосып, «Алтын доп» жүлдесін иеленді. Бұл оның мансабындағы тағы бір ірі жеке марапат болды.

Ал «Алтын қолғап» жүлдесі турнирдің үздік қақпашысы атанған Испания құрамасының қақпашысы Унай Симонға берілді. Ол сегіз матчтың жетеуінде қақпасына гол жібермей, сенімді ойын өрнегін көрсетті.

Үздік жас ойыншы номинациясында Испания құрамасының 19 жастағы қорғаушысы Пау Кубарси жеңімпаз атанды. Жас футболшы турнир бойы тұрақты ойын көрсетіп, Испания қорғанысының негізгі тіректерінің бірі болды.

Осылайша, 2026 жылғы әлем чемпионатының жеке марапаттарында Испания құрамасының ойыншылары басымдық танытса, Килиан Мбаппе өзінің тарихи жетістігімен әлем футболы тарихына тағы бір мәрте есімін жазды.

Елена Рыбакина жылды әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады 

Қазақстандық спортшы маусымды 8099 ұпаймен аяқтап, мансабында алғаш рет жылдық рейтингте бірінші орынға шықты.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады 

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Терроризм туралы жалған хабар таратқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін – ІІМ 

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратқаны үшін 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың жетеуі – 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ескертті.

Моңғолия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді 

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх қызметінен кетіп, өзіне тағылған айыптар бойынша ақиқатты анықтауға дайын екенін мәлімдеді.

Енді сабақтан жиі қалатын оқушылар полицияның бақылауында болады

Қазақстанда 21 қарашадан бастап балаларды есепке алу және мектептегі буллиңнің алдын алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі.