Алматыдағы жол апаты: Қаза тапқан қыздың әкесі мәлімдеме жасады 

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан қыздың әкесі күтпеген мәлімдеме жасап, соттан өзін жәбірленуші ретінде тануды сұрады.

Әкесінің мүддесін қорғайтын адвокат Мейірман Шекеевтің айтуынша, бұл талап Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 71-бабына негізделген. Аталған бапқа сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық салдарынан моральдық, физикалық немесе мүліктік зиян шеккен тұлға жәбірленуші деп танылады.

Заңда адамның өліміне әкелген қылмыстар бойынша жәбірленушінің құқықтарын оның жақын туыстары жүзеге асыратыны көрсетілген. Олардың қатарына марқұмның жұбайы, ата-анасы және өзге де жақын туыстары кіреді.

Адвокаттың сөзінше, егер қылмыстық құқықбұзушылықтан бірнеше адам моральдық зиян шексе, олардың әрқайсысы жәбірленуші ретінде танылуы мүмкін.

Марқұмның ата-анасының бірі жәбірленуші деп танылған жағдайда, бұл екінші ата-ананы да жәбірленуші ретінде тануға кедергі болмайды. Өйткені баласынан айырылған әрбір ата-анаға жеке моральдық зиян келтіріледі, – деді қорғаушы.

Сондай-ақ қорғаушы ҚПК-нің 109-бабына сәйкес, процеске қатыспайтын тұлғалар да заңда көзделген негіздер болған жағдайда өздерін жәбірленуші, азаматтық талап қоюшы немесе азаматтық өкіл ретінде тануды талап етуге құқылы екенін атап өтті.

Адвокаттың айтуынша, қыздың әкесі бұған дейін сот процесіне қатыса алмаған. Себебі ол қызының жерлеу рәсімдерін ұйымдастырумен айналысқан. Кейінірек ол бұрынғы жұбайының, яғни марқұмның анасының кінәлі деп танылған тұлғаны кешіргенін білген.

Осыған байланысты әкесі өзін жәбірленуші ретінде танып, іске қатыстыруды және сотта өз уәждерін айтуға мүмкіндік беруді сұрады.

Еске салайық, басты сот отырысына жол апатында марқұм болған үш адамның тек екеуінің туыстары қатысқан болатын. Олар күдікті Александр Пакты кешірім беріп, тек шартты жаза тағайындауды сұраған болатын.

Ал 8 маусымда үшінші жәбірленуші тарап та Пакқа кешірім бергені белгілі болды. 

Сонымен қатар, сот отырысы барысында Пак кінәсін толық мойындады.

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.

Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған 

Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.