Елімізге биыл 3 миллион турист келген

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, осы кезеңде 2,47 миллион қазақстандық шетелге шыққан болса, елімізге 3 миллион адам келген, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Туристер санының артуы қонақүй бизнесіне де оң әсерін тигізді. Биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда туристерді қабылдайтын орналастыру орындарының саны 4 505-ке жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 192 нысанға көп.

Қаңтар-наурыз айларында қонақүйлер мен басқа да орналастыру орындары 2 миллион келушіге қызмет көрсеткен. Оның ішінде 802 мыңнан астам адам еліміздің курорттық аймақтарында демалған.

Саладағы қаржылық көрсеткіштер де өсім көрсетіп отыр. Бірінші тоқсанда орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 69,4 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,9 пайызға жоғары. Былтырғы алғашқы үш айда бұл көрсеткіш 61 миллиард теңге болған.

Қазақстанда жоғары санаттағы қонақүйлердің қызметіне сұраныс та сақталуда. Қазіргі уақытта елде 23 бес жұлдызды қонақүй жұмыс істейді. Биылғы алғашқы тоқсанда олар 158 мың қонақты қабылдаған.

Ал 45 төрт жұлдызды қонақүйде үш ай ішінде 113,5 мың адам орналасты. Үш жұлдызды санаттағы 26 қонақүйдің қызметін 58,9 мың қонақ пайдаланған.

ӘЧ – 2026: Тағы үш матч тең аяқталды 

Футболдан әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін түнде G тобындағы Египет пен Бельгия, Н тобындағы Уругвай мен Сауд Арабиясы алғашқы кездесулерін өткізді.

Енді аулада көлікті кез келген жерге қоя алмайсыз: 1 шілдеден бастап не өзгереді? 

Қазақстанда аулада көлік қоюға қатысты жаңа талаптар енгізіледі.

Алматыда роботакси таныстырылды 

Алматыда Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Дамир Қожахметовке Yandex Qazaqstan компаниясының роботаксиі таныстырылды.

«Әділет» партиясы AMANAT мүшелерінің қосылуына қатысты мәлімдеме жасады 

«Әділет» партиясы AMANAT партиясының басшылығы мен мүшелеріне біздің партия...

Қазақстанда электр энергиясының 62 пайызы көмірден өндіріледі 

Энергетика министрлігі елдегі электр энергиясын өндірудің түрлі көздерін теңгерімді дамытуға басымдық беріп келеді. Қазіргі таңда Қазақстанның энергия теңгерімінде көмір генерациясы негізгі рөл атқарады.