АҚШ пен Иран соғысты тоқтату жөніндегі келісімге келді 

АҚШ пен Иран соғысты тоқтату, Иранға қатысты америкалық блокаданы алып тастау және Ормуз бұғазын қайта ашу туралы келісімге келді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамп келісімнің жасалғанын өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, құжатқа ресми түрде 19 маусым күні Швейцарияда қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф те келісімнің жасалғанын растады. Оның мәлімдеуінше, құжат барлық бағыттағы, соның ішінде Ливандағы әскери қимылдарды толық тоқтатуды көздейді.

Келісім аясында Иран бірнеше ай бойы іс жүзінде жабық болған Ормуз бұғазын қайта ашуға келісті. Өз кезегінде АҚШ Иран порттарына қатысты енгізілген блокаданы алып тастамақ. Сарапшылардың пікірінше, бұл әлемдік мұнай нарығындағы жағдайды тұрақтандырып, энергия тасымалдаушылар бағасының төмендеуіне ықпал етуі мүмкін.

Келісім туралы ақпарат тарағаннан кейін мұнай бағасы төмендей бастады. Brent маркалы мұнай фьючерстері 4 пайызға арзандаса, америкалық WTI мұнайының бағасы 4,6 пайызға төмендеді.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабадидің айтуынша, алдағы 60 күн ішінде тараптар санкцияларды жеңілдету және Иранның ядролық бағдарламасына қатысты кең ауқымды келіссөздер жүргізеді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, АҚШ Иранның шамамен 25 миллиард доллар көлеміндегі мұздатылған активтерін босатуға келіскен. Ал Тегеран ядролық қару жасамауға және жоғары байытылған уран қорына қатысты шектеулерді талқылауға дайын екенін білдірген.

Reuters мәліметінше, тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды тұрақты бейбіт келісімге айналдыру бағытындағы жұмысты жалғастырады.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...

Жол ережесін қайта-қайта бұзғандар куәлігінен бір жылға айырылуы мүмкін 

Қазақстанда жол ережесін бірнеше мәрте және өрескел бұзған жүргізушілердің куәлігін бір жылға тоқтатуды көздейтін баллдық жүйе пысықталып жатыр.

Елімізде декреттік демалысқа шығу ережесі өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда ерлердің бала күтіміне байланысты демалысына қатысты өзгерістер талқыланып жатыр.