Қанша қоңыраудан кейін сталкинг басталады? – депутат 

Қазақстанда сталкингті құқықтық тұрғыдан реттеудегі басты мәселелердің бірі – адамның қарым-қатынас орнату еркіндігі мен жеке өмірге қол сұқпау құқығы арасындағы тепе-теңдікті сақтау. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, қазіргі таңда құқық қолдану тәжірибесі жауап беруі тиіс негізгі сұрақтардың бірі – табандылық пен қудалаудың арасындағы шекараны анықтау.

Табандылық қай жерде аяқталып, қудалау қай жерде басталады? Қанша қоңыраудан кейін? Қанша хабарламадан кейін? Адам бас тартқаннан кейін қанша рет байланысу әрекеті жасалса, ол сталкинг болып есептеледі? Бұл сұрақтардың жауабын заңда толық жазып шығу мүмкін емес, – деді депутат.

Дементьеваның айтуынша, сталкингтің ерекшелігі – оның бір реттік әрекет емес, жүйелі түрде қайталанатын әрекеттер жиынтығы болуы.

Бір қоңырау, бір хабарлама, бір пікір қалдыру өздігінен елеусіз көрінуі мүмкін. Бірақ қауіп дәл осы әрекеттердің жүйелі әрі қайталанатын сипатынан туындайды. Нәтижесінде адам өзін қауіпсіз сезінуден қалады, – деді ол.

Депутаттың пікірінше, мұндай жағдайда жәбірленуші өмір салтын өзгертуге мәжбүр болады: бағытын ауыстырады, телефон нөмірін өзгертеді, әлеуметтік желідегі аккаунттарын өшіреді.

Сондай-ақ ол цифрлық дәуірде сталкинг мәселесінің өзектілігі артқанын атап өтті. Егер бұрын қудалау көбіне жеке бақылау немесе тікелей байланыспен байланысты болса, қазір оның едәуір бөлігі интернет кеңістігіне көшкен.

Мессенджерлер, әлеуметтік желілер, жалған аккаунттар, геолокацияны бақылау, жеке деректерді тарату сияқты әрекеттер кеңінен қолданылады. Қазіргі адам қудалаушыдан жүздеген шақырым қашықта жүрсе де, оның ықпалын күн сайын сезінуі мүмкін, – деді Мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша, сталкинг жоғары латентті құқық бұзушылықтардың қатарына жатады. Көптеген жәбірленушілер қорқыныш сезінгенімен, түсінбеушілікке тап болудан қауіптеніп, құқық қорғау органдарына жүгінбейді.

Депутат қоғамда әлі күнге дейін жеке шекараны бұзатын кейбір әрекеттердің романтикаланатынын айтып, мәселені шешу үшін заңнамалық шаралармен қатар жаңа құқықтық мәдениет қалыптастыру қажет екенін жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Мәжілісте өткен талқылауда қорқыту мен бопсалау арқылы некеге мәжбүрлеу қылмыс болып саналатынын айтты.

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.

Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған 

Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.