Биыл әскерге алынғандарға қандай жеңілдік бар?

Қазақстанда әскерге шақыру жоспары мерзімінен бұрын орындалды. 1 маусымдағы жағдай бойынша Қарулы күштерді, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметін, Мемлекеттік күзет қызметін және Төтенше жағдайлар министрлігін жасақтау жоспары толық көлемде орындалды.

Бас штабтың Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің мәліметінше, жаңа шақырылғандардың басым бөлігі жас сарбаздар курсын аяқтап үлгерген. Әскери қызметшілер жалпыәскери жарғыларды оқып, саптық және атыс дайындығының негіздерін меңгерген, қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларымен танысқан. Дайындықтың қорытынды кезеңі ретінде салтанатты түрде әскери ант беру рәсімі өткізілді.

Қазірдің өзінде мерзімді қызметтің сарбаздары әскери өмірге сәтті бейімделіп, өз міндеттерін атқаруға кірісті. Несие міндеттемелері бар әскери қызметшілер заңнамада қарастырылған мүмкіндікті пайдаланып, қызмет ету мерзімінде төлемдері кейінге қалдырылды. Сонымен қатар, олардың көпшілігі қызметін аяқтағаннан кейін мемлекеттік білім беру гранттарына арналған конкурсқа қатысуды жоспарлап отыр, — деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ел өңірлерінде әкімдердің орынбасарларының басшылығымен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары өз жұмысын жалғастырып жатыр. Негізгі күш Ұлттық ұлан бөлімшелерін жасақтауға бағытталған. Жоспарға сәйкес, оның қатарына 7 мыңнан астам жас шақырылатын болады.

Азаматтарға шақыру электронды форматта SMS-хабарламалар және eGov порталы арқылы келу күніне кемінде үш күн қалғанда жіберіледі. Электрондық хабарлама ресми шақыру мәртебесіне ие. Хабарлама алған азаматтар жергілікті атқарушы органдардың әскерге шақыру пунктіне келуге міндетті. Дәлелді себепсіз келмеген жағдайда әкімшілік жауапкершілік, ал әскери қызметтен жүйелі түрде жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, — деді ведомство өкілдері. 

Жалпы көктемгі әскерге шақыру аясында Қазақстан Республикасының Қарулы күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарына 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат қосылады.

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды 

Қазақстанда Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оны қамауға алуға санкция берді.

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың аккаунты уақытша бұғатталуы мүмкін

Олжас Бектенов 16 жасқа толмаған балалардың әлеужеліге кіруіне шектеу қоюға қатысты заң жобасының әзірленіп жатқанын айтты.

Қазақстан-Оман: Маңызды құжаттарға қол қойылады 

Оман Сұлтанының елімізге сапары аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу, бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Елімізде ауа райы күрт бұзылып, өңірлерде қар аралас жауын-шашын түседі

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2026 жылғы 6-8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қорғаныс министрлігінің тексерісінен кейін 13 қылмыстық іс қозғалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінің ауқымды тексерісінің алғашқы нәтижелері...