Сотталғандар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында оңалту орталығының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды

№20 мекемесінде сотталғандар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу мақсатында «ЛУЧ» оңалту орталығының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында орталық мамандары сотталғандармен мазмұнды профилактикалық әңгіме өткізіп, есірткіге тәуелділіктің пайда болу себептері, оның адам денсаулығына тигізетін зияны, сондай-ақ тұлғаға, отбасыға және қоғамға әкелетін ауыр әлеуметтік салдары туралы жан-жақты түсіндірді.

Кездесу барысында мамандар есірткі заттарының адам ағзасын біртіндеп әлсіретіп, психологиялық және физикалық денсаулығына кері әсер ететінін, адамгершілік құндылықтардың жоғалуына, отбасы қарым-қатынасының бұзылуына, жақындарының сенімінен айырылуға және қоғамнан оқшаулануға алып келетінін атап өтті. Сонымен қатар, жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі заттарының заңсыз айналымына тартылудың қауіптілігіне ерекше назар аударылды.

Әңгіме барысында сотталғандарға оңалту жұмыстарында кездескен нақты өмірлік мысалдар келтіріліп, тәуелділік салдарынан өмірі қиындаған азаматтардың тағдырлары туралы айтылды. Мамандар есірткіге тәуелділік адамның денсаулығына ғана емес, сонымен қатар қылмыс жасауға, жұмысынан айырылуға, өмірлік мақсаттарының жойылуына және адамдық қасиеттерінің төмендеуіне себеп болатынын түсіндірді.

Сонымен қатар, қатысушыларға тәуелділіктің алдын алу жолдары, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, спортпен шұғылдану, күн тәртібін сақтау және дұрыс ортаны қалыптастыру туралы ақпарат берілді. Сотталғандарға босап шыққаннан кейін психологиялық қолдау алу, әлеуметтік бейімделу және оңалту бағдарламаларынан өту мүмкіндіктері жайлы да түсіндірілді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, сотталғандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті кеңестер алды. Осындай кездесулер сотталғандардың құқықтық және әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, есірткі заттарына деген теріс көзқарасты қалыптастыруға, сондай-ақ түзелуге және қоғамға қайта бейімделуге деген ынтасын нығайтуға ықпал етеді.

Состоялась встреча осуждённых с представителями Реабилитационного центра «ЛУЧ»

В учреждении №20 состоялась встреча осуждённых с представителями Реабилитационного...

№20 мекемеде мекеме психологтары сотталғандармен ойын терапиясын өткізді

Ересектерге арналған ойын терапиясы – күйзелісті азайтуға, психологиялық жарақаттарды...