Әлемде мұнай бағасы төмендеді

АҚШ пен Иранның бейбіт келісімге жақындағаны туралы хабарлар аясында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр. Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 98 долларға дейін түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің құны 4,87 пайызға төмендеп, барреліне 98,49 долларды құрады, бұған Астана уақыты бойынша сағат 08:00-дегі сауда-саттық деректері дәлел.

WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің құны 5,06 пайызға — барреліне 91,71 долларға дейін арзандады.

Еске сала кетейік, 23 мамырда АҚШ пен Иран бейбіт келісім аясындағы өзара түсіністік туралы меморандум (ӨТМ) бойынша келіссөздерді негізінен аяқтағаны белгілі болды. Бұл келісімге сәйкес, қақтығысқа дейін әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізілімінің бестен бір бөлігі өтетін негізгі өткел — Ормуз бұғазы қайта ашылады.

Дегенмен бірқатар күрделі мәселе бойынша тараптардың ұстанымы әлі де әртүрлі. 24 мамырда Трамп АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер «ұйымдасқан әрі сындарлы түрде өтіп жатқанын» мәлімдеді, бірақ қателіктерге жол бермеу үшін екі тарап та «бәрін дұрыс жасауы» қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар БАҚ беттерінде АҚШ пен Иранның ықтимал мәмілеге келгені туралы хабарланды. Ол бойынша Ормуз бұғазын ашу, сондай-ақ Тегеранның жоғары байытылған уран қорынан арылу міндеттемелері қарастырылған.

Құрылтай депутаттарын сайлауға 34,3 миллиард теңге бөлінді

Сайлау республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.Қазақстан Үкіметі 2026 жылғы...

Нөсер жаңбыр және аптап ыстық: Ел аумағында ескерту жарияланды

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын...

ОСК Құрылтай депутаттарының сайлауына алғашқы 60 халықаралық байқаушыны аккредиттеді 

Қазақстандағы сайлауды үш халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттің өкілдері бақылайды.

Испания Францияны жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты 

Ал Франция құрамасы үшінші орын үшін Англия–Аргентина жұбының жеңілген командасымен бақ сынайды.