№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара аясында мекемеге сотталғандардың 35 туысы келді, олардың ішінде 7 бала болды. Қонақтар үшін сотталғандармен кездесу ұйымдастырылып, құқықтық тәртіпті сақтау, ұстау жағдайлары және түзелу процесінде отбасылық байланысты сақтаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Келушілердің назарына 10 жылға бас бостандығынан айырылған сотталған 75 жастағы әжесімен кездесуі аударды. Бұл кездесу отбасы байланысының сақталуы мен жақын жандардың қолдауының маңызын көрсеткен әсерлі сәттердің бірі болды.

«Осындай іс-шаралар сотталғандардың әлеуметтік байланыстарын нығайтып, олардың түзелуі мен қайта әлеуметтенуіне оң әсер етеді, сондай-ақ бостандыққа шыққаннан кейін заңға бағынатын өмір салтын ұстануға ынталандырады», — деп атап өтті мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрболат Сапарғалиев.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём Республики!

В честь Дня Республики сотрудники женской колонии УИС по...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Республика күнімен құттықтады

Республика күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

В честь Дня Республики прошёл турнир по волейболу

В женской колонии УИС по области Абай в честь...