«Әйел әлемі» – қоғамның өзекті мәселелері талқыланған алаң

Алматы қаласында «Әйел әлемі» тақырыбында қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен белсенді әйелдердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Басқосуда әйелдің қоғамдағы рөлі, отбасы құндылығы, қыз тәрбиесі, гендерлік теңдік пен рухани тәрбие мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс шарада арнайы қонақ ретінде шақырылған қоғам қайраткері, Филология ғылымының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Парасат орденінің» және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Асылы Әлиқызы Осман мен Қазақстанның тұңғыш Еңбек Ері, “Алтын жұлдыз” және «Отан орденінің» иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Аягүл Төреқызы Миразова көптеген мәселелерді ортаға салды.

Іс-шараға қатысушылар қазіргі қоғамдағы әйел мәртебесінің маңыздылығына тоқталып, отбасы институтын нығайту мәселесін көтерді. Жиында сөз алған қоғам қайраткерлері ұлттық тәрбиенің негізі отбасынан басталатынын айтып, ананың бала тәрбиесіндегі орны ерекше екенін атап өтті.

Шараға Алматы қаласы, бірнеше Аудан бойынша коммуналдық қызмет көрсету бойынша “БЕРЕЗКА” Тұтыну кооперативінің төрайымы Иргембаева Бакытгул Қалмақбайқызы,

психолог, жеке кәсіпкер, “Шайзада”демалыс орнының негізін қалаушы Аширбекова Данна Кыздарбековна,

Ел жанашыры, қоғам қайраткері Зәмзагүл Ермекқызы Асанова, Логопед-дефектолог, “Сөйлеу және мінез-құлықты түзету » орталығының басшысы Сарсенбаева Айгерім Алтынбаевна қатысты.

Дөңгелек үстел барысында әйелдердің қоғамдық белсенділігі, кәсіпкерлік саласындағы жетістіктері және әлеуметтік мәселелер де назардан тыс қалмады. Қатысушылар нәзік жандылардың тек отбасының ұйытқысы ғана емес, ел дамуына үлес қосып жүрген маңызды күш екенін жеткізді. Шарада сөз сөйлеген спикерлер дәрігер, «Доктор Орынбасаровна” медицина орталығының басшысы, негізін қалаушысы Амиржанова Лариса Орынбасаровна,


“Аruai brand”негізін қалаушысы, көп балалы ана Есенбекова Сандуғаш Мырзабекқызы,

Халықаралық қайырымдылық қор «Манар Фонд” Президенті Манар Рыскалиқызы,


ALYAR YERLAN оқу орталығының директоры Ерлан Альяр,

“DANYSHPAN ACADEMY” оқу орталығының басшысы, негізін қалаушы, “БАСТАУЫШ МҰҒАЛІМДЕР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ” директоры Қалиева Шолпан Қасымханқызының

ортаға салған ойлары көпшілік тарапынан қолдау тапты.

Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және жастар тәрбиесіне қатысты ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, қыз балалардың білім алуына жағдай жасау мен рухани құндылықтарды дәріптеу мәселесі де кеңінен қозғалды.

Жиын соңында қатысушылар мұндай кездесулер қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік беретінін айтып, алдағы уақытта да осындай алаңдардың маңыздылығын атап өтті. Ұйымдастырушылар дөңгелек үстелден көтерілген ұсыныстар алдағы қоғамдық жобаларда ескерілетінін жеткізді.

Динара Бердімұраттың нақыл сөздер жинағы жарық көрді

Қоғамдық ой мен рухани құндылықтарды насихаттап жүрген танымал тұлғалардың...

HONOR компаниясы Cannes Film Festival аясындағы China Night кешінде мобильді түсірілімнің жаңа мүмкіндіктерін таныстырды

ARRI компаниясымен стратегиялық техникалық серіктестік негізінде жасалған құрылғы 2026...

HONOR Robot Phone представил на Каннском кинофестивале новые возможности мобильной съемки в рамках China Night

Устройство, созданное при стратегическом техническом сотрудничестве с ARRI, будет...

HONOR одним из первых получил доступ к Android 17 Beta 3 для разработчиков

Международная технологическая компания HONOR объявила, что флагманский смартфон HONOR...

HONOR Android 17 Beta 3 нұсқасына алғашқылардың бірі болып қол жеткізді

Халықаралық технологиялық HONOR компаниясы HONOR Magic8 Pro флагмандық смартфоны...