Алматыда BRT орнына LRT салына ма? Сарапшы күтпеген өзгерісті айтты 

Жол қозғалысын ұйымдастыру саласының сарапшысы Елжан Чупеков Алматыдағы қоғамдық көлік инфрақұрылымына қатысты жаңа шешім қабылданғанын айтты. Оның сөзінше, қалада бұған дейін BRT жобасын жүзеге асыру жоспарланғанымен, қазір аталған аумақта LRT салу мәселесіне басымдық беріліп отыр.

Елжан Чупековтың айтуынша, LRT құрылысы қоғамдық көлік қозғалысының қайталануына жол бермеу үшін екінші деңгейлі жоба ретінде қарастырылып жатыр.

Бүгінге дейін BRT жобасын жүзеге асыру туралы шешім болған. Алайда кейін LRT құрылысын салу жөнінде тапсырма берілді. Яғни дәл осы учаскеде қоғамдық көлік қозғалысы қайталанбауы үшін жоба қайта қаралып жатыр, – деді сарапшы.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мамандар қоғамдық көліктің бірінші жолақпен, яғни оң жақ шеткі жолақ арқылы қозғалу жүйесін зерттеп жатыр.

Жоба уақытша тоқтатылған

Чупеков қазір жобаны іске асыру аз уақытқа тоқтатылғанын айтты. Алайда бұл қозғалысқа толық шектеу қойылады дегенді білдірмейді.

Қазір жоба аз ғана мерзімге тоқтатылды. Бірақ қозғалыс ашылады, – деді ол.

Райымбек батыр бойындағы салынған бөлік бұзылуы мүмкін

Сарапшының сөзінше, Райымбек батыр даңғылы бойында Емцов көшесі мен Өтеген батыр көшесінің арасында салынып қойған инфрақұрылым қайта бұзылуы ықтимал.

Бүгінде Райымбек батыр бойында Емцов пен Өтеген батыр аралығында салынған учаске, бәлкім, демонтаждалуы мүмкін, – деді Елжан Чупеков.

Осылайша Алматыда LRT жобасына байланысты қоғамдық көлікке арналған жолақтар мен BRT инфрақұрылымының бір бөлігі қайта қаралып жатыр.

ФОТО С САЙТА ALMATY.TV

Енді Парламент Құрылтай болып өзгереді: Заң қабылданды 

Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қабылданды.

Парламент Президент туралы заңды қабылдады 

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

Мұнай қымбаттады, теңге нығайды: Қазақстан экономикасын не күтіп тұр? 

Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюі аясында әлемдік мұнай мен шикізат бағасының өсуі Қазақстан үшін сыртқы инфляциялық тәуекелдерді арттырып отыр. Бұған қоса Қытайдағы инфляцияның үдеуі, логистика шығындарының көбеюі және экономиканың импортқа тәуелділігі қосымша қысым тудырады.

Тарихтан тартыс құралын жасауға болмайды – Президент 

Алтын Орда зерттеулеріне жаңа халықаралық жобалар басталуы мүмкін.