Қазақстанда жұмыс берушілер зейнетақыға көбірек ақша аударады 

Қазақстанда болашақ зейнетақыны қалыптастыруда жұмыс берушінің рөлі артып келеді. Зейнетақы жүйесінің маңызды бөліктерінің бірі – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа жүйеге сәйкес, жұмыс берушілер 1975 жылы және одан кейін туған қызметкерлер үшін зейнетақы жарнасын өз қаражаты есебінен аударады.

ЖМЗЖ 2024 жылдан бастап 1,5% мөлшерлемемен енгізілді. Алдағы жылдары бұл көрсеткіш кезең-кезеңімен өседі.

Атап айтқанда:

•    2026 жылы жарна көлемі қызметкер табысының 3,5%-ын; 

•    2028 жылға қарай 5%-ын құрайды. 

Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс ынтымақты зейнетақы үлесінің біртіндеп азаюына байланысты енгізіліп отыр.

Жаңа тетік:

•    азаматтардың жоғалған табысын өтеуге; 

•    зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруға; 

•    мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы жауапкершілікті тең бөлуге бағытталған.

Еске салайық, бұған дейін зейнетақыдағы ақшаға жаңа шектеу: кім және қанша ала алатыны хабарланды

Елімізде емханаға тіркелу ережесі өзгереді 

Қазақстанда азаматтардың емханаға тіркелу ережесіне өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі тиісті түзетулерді әзірлеп, құжатты қоғамдық талқылауға шығарды.

“Соңғы қоңырау” атауының өзі өзгеріп жатыр: Биыл мектеп бітіру кештері қалай өтеді? 

Мектептен тыс қымбат кештерге тыйым салынды. Алайда қоғамда бұл шешімге қатысты пікір екіге бөлінді: бірі қауіпсіздік пен шығынды азайтуды қолдаса, енді бірі түлектердің өміріндегі маңызды сәтті шектемеу керек деп санайды.

Әлемдік мұнай нарығында баға өсімі жалғасуда 

Мұнай бағасы дүйсенбі күні де өсуді жалғастырды. Бұған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысты тоқтату әрекеттерінің тығырыққа тірелуі себеп болды.

Түркістанда Түркі өркениеті орталығы құрылады

Бұл орталық бауырлас елдердің бірлесіп ғылыми зерттеу жүргізуіне, мәдени жобаларды және білім беру бағдарламаларын іске асыруына жағдай жасайды.