Ипотека алғысы келетіндерге маңызды жаңалық: Не өзгереді? 

Қазақстанда ипотекалық қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін төмендету мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Осы орайда жаңа ережелер қабылданған жағдайда қолданыстағы ипотекалық несиелердің шарттары қайта қарала ма деген сұрақ туындауы мүмкін.

Агенттік басшысы орынбасарының айтуынша, бастапқы жарна көлеміне қарай сараланған тәсіл енгізу ұсынылып отыр: алғашқы жарна неғұрлым жоғары болса, пайыздық мөлшерлеме соғұрлым төмен болады. Себебі мұндай несиенің тәуекелі де азаяды. Қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі – 20%.

Нақты мөлшерлеме қандай болатыны әзірге талқыланып жатыр. Бұл тәсіл тек жаңа несиелерге қатысты қолданылады. Жаңа жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі күшіне енгеннен кейін банктер несиені сол жаңа мөлшерлеме бойынша беруге міндетті болады, – деп түсіндірді Олжас Қизатов Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Сонымен қатар қазақстандықтардың банктерге қайта қаржыландыру мәселесі бойынша жүгінуге құқығы бар.

Тауың шағылмасын, жас түлек! Өмiр мемлекеттiк грант алумен өлшенбейдi

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім грантының нəтижесі жарияланады. Абитуриенті бар əр отбасының көңілі алаң. Мемлекеттің дамып көркеюіне, өзінің білімінің тереңдеп, көзқарас пайымының кеңеюіне үлес қосуға ниетті сан мыңдаған түлектің үміттерін үкілейтін жыл сайынғы осы алаңдаулы сəт санаулы уақыттардан кейін артта қалып, анық жүйрік алға шығады.

Тойға заң керек пе: Қазақстандықтар бір жылда қанша қаржы жұмсайды? 

Қазақстанда той өткізу – жеке отбасының қуанышы. Алайда оның әлеуметтік және экономикалық салдары бір шаңырақтың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен.

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінген азамат Вьетнамнан экстрадицияланды.

Экологиялық дабыл: Англиядағы су қоймаларының бәрі ластанған 

Мәліметке сәйкес, егер судағы қауіпті заттардың мөлшері белгіленген нормадан асып кетсе, су нысаны «жақсы химиялық жағдай» талаптарына сай деп есептелмейді.

Қазақстан көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды 

Қазақстан Rumavi компаниясы жыл сайын әзірлейтін Global Relocation Index 2026 нұсқасы бойынша көшіп баруға қолайлы Орталық Азиядағы ең үздік ел атанды.