Хайп қуып табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргенге айыппұл салынады

Еліміздің Ішкі министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады, — деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың мәліметінше, соңғы кеззде әлеуметтік желілерде видео жариялап, хайп қуу мақсатында табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру деректері жиілеген. Осыған байланысты полиция мұндай әрекеттер үшін заңда көзделген жауапкершілік бар екенін ескертті. 

Табиғи ескерткіштер, қорықтар, ұлттық парктер және тарихи нысандар Қазақстан Республикасының ұлттық қазынасы және мемлекет қорғауында. Жартастарға, ескерткіштерге және өзге де мәдени әрі табиғи объектілерге жазу, оларды зақымдау – заңбұзушылық. Бұл үшін жауапкершілік қарастырылған.

«Қылмыстық кодекстің 294-бабы – «Вандализм» бойынша мемлекет қорғауындағы нысандарды бүлдіргені үшін 100-ден 2000 АЕК-ке дейін (2026 жылы 432 500-ден 8 650 000 теңгеге дейін) айыппұл салу, қоғамдық жұмысқа тарту, 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе одан айыру жазасы қарастырылған», — делінген хбарламада.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.