Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне хат жазды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне хат жазу бойынша патриоттық іс-шара өтті. Іс-шара сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлері мен мекеме психологтарының бірлесуімен ұйымдастырылды.

Акцияның басты мақсаты — ардагерлердің ерлігін есте сақтау, патриоттық құндылықтарды қалыптастыру, ел тарихына және отбасылық дәстүрлерге құрмет көрсету. Сотталғандар жазған хаттардың басым бөлігі соғысқа қатысқан өз аталары мен арғы аталарына арналды. Олар майданда Отанды қорғап, тылда еңбек етіп, келер ұрпақтың бейбіт өмірі үшін аянбай тер төккен.

Іс-шара барысында сотталғандар өз отбасыларының соғыс жылдарындағы тарихтарымен бөлісіп, жақындарының естеліктерін еске алды және жеңіс ұрпағына алғыс сөздерін ерекше толқыныспен жазды. Кейбірі мұндай шараларға алғаш рет қатысып, өз сезімдерін ашық білдіруге және өмірлік құндылықтарды қайта ой елегінен өткізуге мүмкіндік алғанын айтты.

— Мен 38 жастамын. Есірткі заттарын тарату бойынша жасаған қылмысым үшін маған сегіз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Осы жерде отырып, көп нәрсені қайта ой елегінен өткіздім. Мен атама хат жаза бастаған кезде ішімде бір нәрсе өзгеріп кеткендей болды. Отбасымның әңгімелерін есіме алдым: ол жас кезінде соғысқа аттанып, қиын-қыстау жылдарды бастан өткеріп, бейбіт өмірге үмітпен оралған еді.

Бүгін мен сол буын адамдарының қандай мықты болғанын түсінемін. Олар қорқыныш пен қайғыны жеңіп, болашаққа деген сенімін жоғалтпаған. Ал біз кейде өз өмірімізді қате қадамдармен өзіміз бұзып аламыз. Бұл хат мен үшін жай қағаздағы сөз емес — бұл өз ар-ұятыммен, отбасыммен, атаммен ашық сөйлесу сияқты болды. Мен атам мені басқа адам ретінде көргенін қалаймын. Осындай шаралар адамды өз қателігі, отбасы, балалары және болашақ өмірі туралы ойлануға итермелейді, — деді сотталған.

Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов бұл іс-шараның маңыздылығын атап өтті:

— Мекеме қызметкерлері мен психологтардың бірлескен жұмысы тек іс-шара ұйымдастырумен шектелмейді. Бұл — сотталғандардың бойында адамгершілік құндылықтарды, өз елінің тарихына құрметті және отбасылық дәстүрлерді қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыс. Мұндай акциялар адамдарға өз сезімдерін ашық жеткізуге, жасаған әрекеттерін талдауға және өмірлік ұстанымдарын қайта қарауға мүмкіндік береді. Ардагерлердің ерлігін еске алу — ұрпақтарды біріктіріп, сотталғандардың жеке жауапкершілік, отбасы және қоғам алдындағы борыш туралы ойлануына ықпал етеді. Осындай іс-шаралар мекемедегі моральдық-психологиялық ахуалды нығайтып, патриоттық тәрбиені дамытуға және сотталғандардың өмірлік жолын қайта бағалап, әлеуметтік бейімделуіне көмектеседі, — деді Ермек Рахимов.

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай осужденные написали письма ветеранам Великой Отечественной войны

В учреждении максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...