Қауіпті вирус тараған круиз лайнерінің жолаушылары әлем бойынша іздестіріліп жатыр 

Қауіпті хантавирус тараған MV Hondius круиздік лайнерінің жолаушылары әлем бойынша іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Инфекция туралы ақпарат жарияланбай тұрып, жолаушылардың бір бөлігі кемеден түсіп кеткен.

ДДҰ мәліметінше, кеме бортында үш адам қайтыс болған. Тағы сегіз адам вирус жұқтырған болуы мүмкін. Қазір лайнер Кабо-Верде жағалауында тұр және Испанияның Тенерифе аралына бет алған.

Нидерланд билігі аралық аялдама кезінде шамамен 40 адамның кемеден түсіп кеткенін хабарлады. Олардың нақты қайда жүргені белгісіз.

Мамандар науқастардан хантавирустың Анд штамын анықтаған. Ол сирек жағдайда адамнан адамға жұғуы мүмкін. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы халық үшін қауіп деңгейі әзірге төмен екенін мәлімдеді.

Қазір үш науқас эвакуацияланып, ем қабылдап жатыр. Тенерифеге жеткен соң жолаушылар өз елдеріне қайтарылады, ал Испания азаматтарының бір бөлігі карантинге жіберіледі.

Оқушылар мектепте тегін тамақтанады: Бір балаға күніне қанша ақша бөлінеді? 

Қазақстанда 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептерде тегін тамақтандырумен қамту ауқымы кеңейтілді. Қазіргі уақытта 1-4-сыныптарда оқитын 1,4 миллионнан астам бала және әлеуметтік осал санаттарға жататын 5-11-сыныптардың шамамен 230 мың оқушысы тегін тамақтанады.

1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қараша айында Қазақстанда бірнеше маңызды өзгеріс күтіледі. Оқушылар күзгі демалыстан кейін мектепке оралады, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық жалғасады.

Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Қазақстанда Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.