Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды 

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда бұрын пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес атқарылуда, – деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Кешенді шаралар Комитет пен оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың, соның ішінде құқық қорғау құрылымдарының және «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» жобасы комиссиясы мүшелерінің белсенді қатысуымен қолға алынып келеді.

14,8 млн гектар жердің 10,8 млн гектары қайта бөлінді, оның ішінде 6,7 млн гектары конкурс негізінде берілді, ал 4,1 млн гектары ортақ пайдалану жерлері ретінде бекітілді. Бұдан бөлек, бұрын пайдаланылмаған 5,2 млн гектар жер тиісті шаралар қабылданғаннан кейін шаруашылық айналымға берілді, – деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов.

Жалпы жер ресурстарын ұтымды пайдалану барысына жүргізілген бақылау шеңберінде 7 100-ден астам тексеру жүргізіліп, нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 5 300-ден астам нұсқама берілді.

Қолға алынған жұмыстар жер ресурстарын тиімді пайдалануды арттыруға, оларды бөлудің ашықтығын қамтамасыз етуге және экономикалық айналымға тартуға бағытталған.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.