Алматы әуежайы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің басшылығы Алматы халықаралық әуежайының әкімшілігімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, терминал шатырының су басу фактісіне байланысты шұғыл кеңес өткізді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Азаматтық авиация комитеті әуежайды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Әуежай басшысы техникалық мәселелерге жетекшілік ететін аға вице-президент Мехмет Гюзельге тәртіптік жаза қолданылғанын хабарлады.

Әуежай жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Қазіргі уақытта анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар күшейтіліп, барлық қажетті жұмыстар жедел режимде жүргізілуде.

Жұмыстарды аяқтау және су басу себептерін толық жою 6 ай ішінде жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мұндай бұзушылықтар алдағы уақытта дереу тоқтатылатынын, азаматтық авиация саласындағы заңнама талаптарының сақталуына және авиациялық инфрақұрылым нысандарының үздіксіз жұмыс істеуіне қатаң бақылау қамтамасыз етілетінін мәлімдейді, — делінген министрліктің арнайы хабарламасында.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.

Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді талқылауды ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын...

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр,...