Мегаполистерде баспана бағасы жылдам өсіп жатыр

Наурыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаңа тұрғын үй Астанада 20,7%, Алматыда 20,2%-ға қымбаттаған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Наурыз айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаңа тұрғын үй Астанада 20,7%, Алматыда 20,2%-ға қымбаттаған. Бұл қалаларда халық санының артуы, урбанизация және инфрақұрылымның дамуы сұранысты күшейтіп отыр.

Орташа өсім Қонаев (16,7%), Павлодар (15,9%), Шымкент (10,8%) және Өскемен (10,2%) қалаларында байқалды. Ал Жезқазған мен Петропавл қалаларында баға өзгермеген.

Ал қайталама тұрғын үй нарығында көшбасшы – Алматы (15,4%). Сонымен қатар Түркістан (13,7%) мен Ақтөбе (13%) қалаларында да өсім жоғары. Орташа деңгейдегі өсім Павлодар (12,9%), Талдықорған (11,6%), Өскемен (10,8%) және Астана (10,1%) қалаларында тіркелді. Жезқазған қаласында бұл сегментте де өсім болған жоқ.

Пәтер бағасына келсек, наурыз айында 1 шаршы метр жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 612,3 мың теңге, ал қайта сатылатын нарықта 624,5 мың теңге болды.

«Ең қымбат қалалар – Астана және Алматы. Мұнда жаңа тұрғын үйдің бағасы тиісінше шаршы метрі 732 мың және 722,4 мың теңге, ал қайта сату кезінде 731,9 мың және 732,5 мың теңге болды», — деп жазды портал.

Сонымен қатар жаңа тұрғын үй қымбат қалалардың қатарына Шымкент (шаршы метрі 535 мың теңге), Атырау (532,2 мың теңге) және Өскемен (530,8 мың теңге) кірді. Ірі екі қаладан бөлек, Атырау (508,2 мың теңге), Семей (477,5 мың теңге) және Шымкент (460,5 мың теңге) қалаларында да қайталама нарықтағы пәтер бағасы жоғары болып отыр.

Оқушылар мектепте тегін тамақтанады: Бір балаға күніне қанша ақша бөлінеді? 

Қазақстанда 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептерде тегін тамақтандырумен қамту ауқымы кеңейтілді. Қазіргі уақытта 1-4-сыныптарда оқитын 1,4 миллионнан астам бала және әлеуметтік осал санаттарға жататын 5-11-сыныптардың шамамен 230 мың оқушысы тегін тамақтанады.

1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қараша айында Қазақстанда бірнеше маңызды өзгеріс күтіледі. Оқушылар күзгі демалыстан кейін мектепке оралады, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық жалғасады.

Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Қазақстанда Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.