Комадағы науқастарға мүгедектік рәсімдеу жеңілдетіледі 

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдау тетіктерін жетілдіру бағытында жаңа өзгерістер ұсынды. Атап айтқанда, комада жатқан науқастар үшін мүгедектікті рәсімдеу тәртібін жеңілдету көзделіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство әзірлеген түзетулер медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу және мемлекеттік төлемдерді тағайындау қағидаларына енгізілмек. Негізгі мақсат – артық әкімшілік кедергілерді жою және азаматтардың әлеуметтік қолдау шараларына қолжетімділігін арттыру.

Жаңа тәртіпке сәйкес, енді комада жатқан науқастың атынан медициналық-әлеуметтік сараптамаға өтінішті оның жақын туыстары немесе жұбайы бере алады. Бұған дейін мұндай рәсімдер күрделі болып, уақытты талап ететін.

Ұсынылған өзгерістер:

  • мүгедектік мәртебесін жедел белгілеуге;
  • мемлекеттік жәрдемақыларды уақытылы рәсімдеуге;
  • әлеуметтік көмекті алу процесін ашық әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылауға ұсынылған. Мамандар бұл бастама осал топтағы азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, әлеуметтік қолдау жүйесінің тиімділігін арттырады деп отыр.

Оқушылар мектепте тегін тамақтанады: Бір балаға күніне қанша ақша бөлінеді? 

Қазақстанда 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептерде тегін тамақтандырумен қамту ауқымы кеңейтілді. Қазіргі уақытта 1-4-сыныптарда оқитын 1,4 миллионнан астам бала және әлеуметтік осал санаттарға жататын 5-11-сыныптардың шамамен 230 мың оқушысы тегін тамақтанады.

1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қараша айында Қазақстанда бірнеше маңызды өзгеріс күтіледі. Оқушылар күзгі демалыстан кейін мектепке оралады, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық жалғасады.

Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Қазақстанда Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.