Мамырдан бастап мобильді аударымдар тексеріледі: Кімдер назарға ілінеді 

Нақты кімнің мобильді аударымдары салық органдарының бақылауына ілінеді? Қандай жағдайда банктер азаматтардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынады? Мемлекеттік кірістер комитеті нақты жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді аударымдар бойынша барлық дерек банктерден толық жиналғанын мәлімдеген болатын.

Қазір салық органдары оларды өңдеп, талдап жатыр. Әзірге нақты қандай санаттар анықталатыны белгісіз, өйткені әр азаматтың мәртебесі жеке қарастырылады. Сондай-ақ деректер бірнеше банктен түсуі мүмкін болғандықтан, оларды біріктіріп, қайталанған ақпараттар сүзгіден өткізіліп жатыр.

Алғашқы ескертулер мен хабарламалар азаматтарға мамыр айынан бастап жіберіле бастайды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша, ҚР Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес банк ұйымдары кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері анықталған жағдайда жеке тұлғаның банк шотына басқа жеке тұлғалардан түскен ақша қаражатының жиынтық сомасы туралы мәліметтерді ұсынады.

Мұндай мәліметтер Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы №698 бұйрығымен бекітілген критерийлер бір мезгілде орындалған кезде ғана беріледі.

Олар қандай белгілер:

  • шотыңызға 100 адамнан көп ақша түссе,
  • ол үш ай қатарынан қайталанса,
  • жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асса (1 020 000 теңге), банктер бұл туралы мәліметтерді кірістер органдарына жолдайды.

Яғни осы үш критерий де сақталса, онда азамат салық органының бақылауына ілінеді. Ал мобильді аударымдар жеке мақсаттарға арналған болса, олар салыққа жатпайды. Бұл туысқандар, әріптестер арасындағы аударымдар тексерілуге жатпайды деген сөз.

Оқушылар мектепте тегін тамақтанады: Бір балаға күніне қанша ақша бөлінеді? 

Қазақстанда 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептерде тегін тамақтандырумен қамту ауқымы кеңейтілді. Қазіргі уақытта 1-4-сыныптарда оқитын 1,4 миллионнан астам бала және әлеуметтік осал санаттарға жататын 5-11-сыныптардың шамамен 230 мың оқушысы тегін тамақтанады.

1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қараша айында Қазақстанда бірнеше маңызды өзгеріс күтіледі. Оқушылар күзгі демалыстан кейін мектепке оралады, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық жалғасады.

Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Қазақстанда Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.