Азық-түлік бағасына бақылау күшейді: 1400-ден астам айыппұл салынды

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мақсатында бақылау шаралары күшейтілді. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері ӘМАТ тізімі 19-дан 31 атауға дейін кеңейтілген, — деп жазады Informburo.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, сәуір айының ортасына дейін шекті сауда үстемесін асырғаны үшін 1 406 әкімшілік айыппұл салынған. Бұл 2025 жылы тіркелген жалпы құқық бұзушылықтардың (2 913 жағдай) шамамен жартысын құрайды.

«Баға тізбегіндегі делдалдық схемаларды анықтау жұмыстары да күшейтілген. Өңірлерде 372 отырыс өткізіліп, 1 092 заң бұзушылық анықталды. Нәтижесінде 974 хаттама толтырылып, 118 делдал сауда тізбегінен шығарылған. Сонымен қатар, электрондық шот-фактураларды талдау арқылы 2 361 тәуекел жағдайы анықталып, олар өңірлік органдарға тексеруге жіберілген. Бұл процесте цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қолданылады», – делінген хабарламада.

Данный текст скопирован с сайта
https://informburo.kz/kaz/newskaz/azyq-tulik-bagasyna-baqylau-kuseidi-1400-den-astam-aiyppul-salyndy

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті 

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық қарқынды сипат алғанына назар аударды.

Бүгін жаңа оқу жылы басталды: Алғашқы қоңырау қалай өтеді? 

Бүгін еліміздің барлық мектебінде алғашқы қоңырау соғылады

Мектептерде оқушы көбейді: биыл қанша бала білім алады?

Жаңа оқу жылында ел мектептерінде 4,1 млн-нан астам оқушы білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астамы – алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

Алтын бағасы 19 тамыздан бергі ең төменгі деңгейге түсті 

Алтын бағасының өзгеруі халықаралық қаржы нарықтарындағы жағдайға, инвесторлардың сұранысына және АҚШ экономикасына қатысты күтулерге байланысты қалыптасады.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.