Медициналық білімде өзгеріс: Интернатура 1 жылға ұзартылады 

Мәжілісте медициналық білім беру жүйесіне қатысты маңызды өзгерістер талқыланды. Депутат Гүлдара Нұрым заң жобасының авторы Асхат Аймағамбетовке интернатураға қатысты жаңа модельдің салаға әсері жөнінде сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың айтуынша, ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, енді барлық медициналық студент үшін интернатурадан өту міндетті болады. Интернатураны аяқтаған түлектер ғана толыққанды дәрігер ретінде жұмыс істеу құқығына ие болады.

Бұл модельдің қолданыстағы жүйеден қандай ерекшеліктері бар? Ол медициналық қызмет сапасына қалай әсер етеді? – деп нақтылады ол.

Өз кезегінде Асхат Аймағамбетов бұл модельдің екі жыл бойы жан-жақты талқыланғанын атап өтті.

Қазіргі жүйеде интернатура небәрі алты ай ғана. Оның өзінде интерндердің нақты мәртебесі бекітілмеген: олар медициналық жүйелермен толық жұмыс істей алмайды, науқастармен жұмыс істеуде шектеулер бар, әлеуметтік және кәсіби құқықтары нақты айқындалмаған, – деді депутат.

Оның сөзінше, жаңа модель бұл олқылықтарды жоюға бағытталған.

Интерн мәртебесі заңмен бекітіледі

Жаңа өзгерістерге сәйкес, интернатура мерзімі бір жылға дейін ұзартылады. Сонымен қатар «дәрігер-интерн» мәртебесі заң жүзінде бекітіліп, олардың құқықтары кеңейтіледі.

Интерндер енді медициналық жүйелермен жұмыс істей алады, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Тіпті белгілі бір жағдайларда жалақы алу мүмкіндігі де қарастырылады, – деді Аймағамбетов.

Білім көлемі артады

Реформа аясында медициналық білім беру мазмұны да өзгереді. Бұған дейінгі 300 кредиттік жүйе 420 кредитке дейін ұлғайтылады. Бұл студенттердің теориялық әрі практикалық даярлығын күшейтуге бағытталған.

Жеті жылдық оқу нәтижесінде түлектер толыққанды дәрігер ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік алады, – деді депутат.

Кадр тапшылығы мәселесі шешіле ме?

Аймағамбетов жаңа модель медициналық кадр тапшылығының алдын алуға да ықпал ететінін атап өтті. Оның айтуынша, бұрынғы жүйе сақталған жағдайда 2028*2029 жылдары елде жас мамандардың тапшылығы туындау қаупі болған.

Біз сол тәуекелдің алдын алып жатырмыз. Жаңа модель осы мәселені жүйелі түрде шешуге бағытталған, – деді ол.

Оқушылар мектепте тегін тамақтанады: Бір балаға күніне қанша ақша бөлінеді? 

Қазақстанда 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептерде тегін тамақтандырумен қамту ауқымы кеңейтілді. Қазіргі уақытта 1-4-сыныптарда оқитын 1,4 миллионнан астам бала және әлеуметтік осал санаттарға жататын 5-11-сыныптардың шамамен 230 мың оқушысы тегін тамақтанады.

1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қараша айында Қазақстанда бірнеше маңызды өзгеріс күтіледі. Оқушылар күзгі демалыстан кейін мектепке оралады, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық жалғасады.

Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Қазақстанда Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.