Домбыраны ұшаққа алып кіру ережесі қаралып жатыр  

Қазақстанда домбыраны әуе көлігімен тасымалдау тәртібіне өзгеріс енгізу мәселесі әлі қаралып жатыр. Бұл туралы Air Astana компаниясының жерүсті қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Александр Небога мәлімдеді.

Оның айтуынша, музыкалық аспаптарды қол жүгінде немесе багажда тасымалдау ережесі олардың көлеміне байланысты белгіленеді. Себебі аспаптардың түрі де, өлшемі де әртүрлі болады. Ірі көлемдегі музыкалық құралдар мен жабдықтар әдетте арнайы қапталып, жүк бөлігінде жеткізіледі.

Ал шағын музыкалық аспаптарға қатысты талаптар ресми түрде жарияланған және Қазақстанда қолданыстағы стандарттар мен нормаларға негізделген. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бірлесіп, қолданыстағы талаптарға өзгеріс енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Соның ішінде домбыраны тасымалдау мәселесі де белсенді түрде талқыланып жатыр, — дейді Александр Небога. 

Оның сөзінше, ережелер өзгерген жағдайда Қазақстан аумағында жұмыс істейтін барлық әуе тасымалдаушыларына тиісті нұсқаулық беріледі. Яғни жаңа талаптар барлық компанияларға бірдей қолданылмақ.

Еске салайық, наурызда Қазақстанда ұшақпен музыкалық аспаптарды тасымалдау тәртібін біріздендіру жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.