Қазақстанда 4 млн адамның жұмысы өзгереді 

Мәжілістегі Үкімет сағатында еңбек нарығындағы өзгерістер және жасанды интеллектінің әсері талқыланып жатыр. Депутаттар алдағы жылдары миллиондаған қазақстандықтың кәсібі трансформацияға ұшырайтынын айтып, жоғары білім беру жүйесін бейімдеу қажеттігін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Дәния Еспаева еңбек нарығының өзгеруі мен жасанды интеллектіні енгізу жағдайында жоғары білімді кадрлар даярлау мәселесін көтерді.

Оның айтуынша, Қазақстанда адами капиталды дамыту мемлекеттік саясаттың басты бағытына айналған. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мен технологияға негізделген даму моделіне көшудің маңызын бірнеше рет атап өткен.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дерегіне сәйкес, 2035 жылға қарай елдегі кәсіптердің 44%-ы немесе шамамен 4 млн адам жасанды интеллект ықпалымен өзгереді. Сонымен қатар, 46 кәсіп қысқарып, 14 кәсіп мүлдем жойылады.

Экономиканың негізгі салаларына жасанды интеллектіні жедел енгізу жоғары білім беру жүйесінен цифрландыру мен автоматтандыру жағдайларына бейім мамандар даярлауды талап етеді, – деді Дәния Еспаева.

Депутат жаңа технологиялар мен экономика тоғысында жаңа мамандықтар қалыптасып жатқанын, оларға сұраныс алдағы жылдары арта түсетінін атап өтті.

Бұл бағытта жоғары білім беру жүйесіне мемлекеттік қолдау күшейтілген. Соңғы бес жылда салаға бөлінетін қаржы 246 млрд теңгеден 472 млрд теңгеге дейін өскен. Биыл мемлекеттік білім гранттарының саны 77 мыңға жетсе, оның 18,8 мыңы инженерлік бағыттарға бөлінген. Сонымен қатар студенттердің стипендиясы соңғы жылдары екі есеге жуық артқан.

27 сәуірге арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” РМК баспасөз қызметі 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан тауық жұмыртқасын елге әкелуге алты айға тыйым салды 

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі республикаға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салу туралы бұйрық жариялады.

Мұғалімдерге 56 күн демалыс: Еңбек демалысы қалай есептеледі? 

Биыл 25 мамырда оқу жылы аяқталады. Оқушылардың емтихандары біткен соң мұғалімдер жыл сайынғы еңбек демалысына шыға бастайды. 

Әскерден қашқандар үшін жаңа шектеулер қарастырылып жатыр 

Қазақстанда әскерге шақыру жүйесі жетілдіріледі.

Қазақстанның 17 облысына дауылды ескерту жарияланды

24 сәуірде Қазақстанның 17 облысына дауылды ескерту жарияланды.