Еуроодақ санкциясының 20-пакетіне Қазақстан компаниясы да ілікті 

Еуропалық Одақ Кеңесі Мәскеуге қарсы санкциялардың жаңа пакетін жариялады. Бұл соңғы екі жылдағы ең ірі шектеулер жиынтығы болды, деп хабарлайды  DW басылымы. 

ЕО Кеңесінің мәлімдеуінше, санкциялық тізімге 120 жеке тұлға мен ұйым қосылды. Жаңа «қатаң көпдеңгейлі санкциялар» Ресей экономикасының негізгі секторларына соққы беруді көздейді.

Ресейдің «көлеңкелі флотының» тізімі тағы 46 кемемен толықты. Жаңа пакет танкерлерді сату кезінде сенімділік тексерісін енгізеді, бұл Ресей флотының кеңеюін қиындатуы тиіс. Сонымен қатар:

  • ЕО елдерінде ресейлік мұзжарғыштар мен сұйытылған табиғи газ (СТГ) таситын танкерлерге техникалық қызмет көрсетуге тыйым салынды.
  • 2027 жылдан бастап Ресейге қатысы бар компанияларға СТГ-терминалдарының қызметін көрсетуге шектеу қойылады.

Транзакциялар үшін Туапсе мен Мурманск порттарына, 20 ресейлік банкке және үшінші елдердегі төрт қаржы институтына шектеу қойылды.

Сондай-ақ криптоактивтер саласында Ресей қамтамасыз ететін A7A5 стейблкоинына және RUBx криптовалютасына қарсы тыйымдар енгізілді. Ал Еуропалық компанияларға ресейлік «цифрлық рубльді» дамытуға қолдау көрсетуге тыйым салынды.

Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешенімен (ӘӨК) байланысы бар деген күдікпен 58 компания санкцияға ілікті. Олардың арасында Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Қазақстан және Беларусьте орналасқан 16 ұйым бар.

Сонымен қатар ЕО Қырғызстанға бағдарламалық басқаруы бар станоктар мен радиоқұрылғыларды экспорттауға тыйым салды. Бұл техникалардың сол жерден Ресейге қайта тасымалдануы (реэкспорт) себеп болған.

Оқушылар мектепте тегін тамақтанады: Бір балаға күніне қанша ақша бөлінеді? 

Қазақстанда 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мектептерде тегін тамақтандырумен қамту ауқымы кеңейтілді. Қазіргі уақытта 1-4-сыныптарда оқитын 1,4 миллионнан астам бала және әлеуметтік осал санаттарға жататын 5-11-сыныптардың шамамен 230 мың оқушысы тегін тамақтанады.

1 қарашадан бастап Қазақстанда не өзгереді? 

Қараша айында Қазақстанда бірнеше маңызды өзгеріс күтіледі. Оқушылар күзгі демалыстан кейін мектепке оралады, мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық жалғасады.

Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Қазақстанда Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барды. Анкарадағы Этимесгут әуежайында Қазақстан Президентін Режеп Тайип Ердоғанның өзі қарсы алды.

Мемлекеттік көмек шынымен мұқтаждарға берілуге тиіс – Президент 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттап, әлеуметтік реформаларды мұқият сараптау қажеттігін айтты.