Енді қандастар жұмысқа орналасуға міндетті болады 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыруға бағытталған бұйрыққа өзгерістер енгізуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжат Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Әңгіме 2023 жылғы 22 маусымдағы №234 бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы құжат жобасы жайында болып отыр. Бұл құжат ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасының тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, қоныс аударған азаматтар мен қандастар жаңа өңірде міндетті түрде жұмысқа орналасуы тиіс. Сонымен қатар олардың жұмыспен қамтылғаны әлеуметтік аударымдар арқылы расталмақ.

Министрлік мәліметінше, тәжірибе көрсеткендей, ресми жұмыстың болмауы қоныс аударушылардың жаңа жерде тұрақтап қалуына кері әсер етеді. Нәтижесінде кей азаматтар қайта көшіп кетіп, бұл жергілікті бюджетке қосымша жүктеме түсіреді.

Осы мәселені шешу үшін жаңа талаптар енгізіліп отыр. Негізгі мақсат – қоныс аударушыларды жұмыспен қамту және олардың жаңа өңірлерде тұрақтап қалуын қамтамасыз ету.

Ақпаратқа сәйкес, бұл өзгерістер қабылданған жағдайда теріс әлеуметтік-экономикалық салдар болмайды деп күтіледі.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тойға немесе туған күнге берілетін ақшалай аударымдардан салық төлеу қажет пе? – Кірістер комитеті түсіндірді 

Туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде жасалатын ақшалай аударымдарға салық салынбайды.

Қазақстанда жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі бірнеше күнге тоқтады

Қазақстанда 23 қазан мен 27 қазан аралығында жылжымайтын мүлік тіркеуге және нысандарды техникалық тексеруге өтініш беру тоқтады.

Қазақстанда мерзімді әскери қызмет екі кезеңге бөлінуі мүмкін

Қазақстанда мерзімді әскери қызметті екі кезеңнен тұратын жүйеге көшіру жоспарланып отыр.

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленді

Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде 2026 жылдың басынан бері 10,8 мың мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты.