12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Еңбек министрі қызметіне кірісіп, ант берді  

Жаңа тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Конституцияны қатаң сақтауға және Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, — дейді Ертаев. 

Еске салайық, 2026 жылғы 27 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып Асқарбек Маратұлы Ертаев тағайындалды.

Ол бұған дейін вице-министр және министрліктің Көші-қон комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Бұрынғы министр Светлана Жақыпова қызметінен босатылды.

Тоқаев ҚХР төрағасын құттықтады

Мемлекет басшысы ҚХР төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады, - деп...

Даудан кейін Burger King басшыларының бірі жұмыстан кетті 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған жағдайдың ведомство бақылауында екенін мәлім етті.

Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясын қолдау» жалпыұлттық коалициясының ресми сайты алдағы референдумға және Жаңа Конституция жобасына арналған.

Тұрғын үй иелері құжаттарын қайта рәсімдеуі керек пе? Министрлік жауабы

Әділет министрлігі "Қазақстанда техникалық паспорты жаңартылмаған үйді сатып-сатып алу мүмкін болмайды" деген қауесетке пікір білдірді.

Биыл елімізде 90 жаңа білім ошағы ашылады 

Оқу-ағарту министрлігі апатты, үшауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Биыл 47 мыңға жуық оқушы орнына арналған 90 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр.