Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған жағдайдың ведомство бақылауында екенін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алматы қаласының мемлекеттік еңбек инспекторы Әлібек Қаратай қызметкердің отбасымен байланысқа шығып, еңбек заңнамасындағы кепілдіктер мен өтініш беру тәртібін түсіндірді.
Жұмыс берушіден алынған ақпаратқа сәйкес («QSR» ЖШС (Burger King)), ұйым ішінде қызметтік тексеру жүргізілуде. Тексеру кезеңінде басшылардың бірін уақытша қызметінен шеттету туралы шешім қабылданды, — делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде белгілі мейрамханалар желісі Burger King-ке қатысты дау туған болатын.
Әлеуметтік кәсіпкер Жанат Қаратай белгілі бренд аутизм диагнозы бар ұлына қысым жасап, жұмыстан шығуға мәжбүрледі деп айыптады.


