Қазақстандық стартап Stanford University жанындағы жабық акселераторға қабылданды

Қазақстандық TrustMe IT-компаниясы Stanford University жанында жұмыс істейтін әлемдегі ең жабық әрі селективті акселераторлардың бірі — StartX бағдарламасына қабылданды. Бұл туралы TrustMe компаниясының негізін қалаушы Шыңғыс Дәулетбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Қазақстандық стартап экожүйесі үшін бұл — сирек кездесетін әрі маңызды оқиға. StartX аса қатаң іріктеуімен танымал және негізінен Stanford түлектерімен немесе шектеулі ресми серіктестер арқылы ғана жұмыс істейді.

StartX — коммерциялық емес акселератор. Ол компанияларға емес, тікелей фаундерлерге бағытталған. Бағдарлама аясындағы жұмыс жабық фаундерлік топтарда (Neighborhoods) жүргізіледі, мұнда бизнестің өсуі, стратегиялық шешімдер қабылдау, инвестиция тарту және басқарушылық қателіктер талқыланады. Қатысушылардың басым бөлігі — Stanford университетінің студенттері мен түлектері.

TrustMe көпсатылы іріктеудің барлық кезеңінен өтіп, бағдарламаға қатысуға ресми оффер алды. Өтінім беру барысында компания StartX-тің Қазақстандағы ресми серіктесі — Astana Business Campus ұйымымен де өзара жұмыс жүргізген.

TrustMe-дің StartX-ке қабылдануы компанияның АҚШ нарығына белсенді шығу кезеңімен тұспа-тұс келді. Қазіргі уақытта TrustMe негізін қалаушы Шыңғыс Дәулетбаев АҚШ-та жүр, команда америкалық технологиялық экожүйеге интеграциялану мен нарықтағы қатысуды күшейту бағытында жұмыс атқарып жатыр.

«TrustMe-дің АҚШ нарығына шығуына байланысты соңғы екі айдан бері осындамын және отбасымды да өзіммен бірге көшіруді жоспарлап отырмын. Бұл — саналы әрі оңай қабылданбаған шешім. StartX бағдарламасының таймингі АҚШ-та кеңсе ашу жоспарымызбен толық сәйкес келді», — деп жазды Шыңғыс Дәулетбаев әлеуметтік желідегі жазбасында.

Сондай-ақ жазбада компанияның Techstars акселераторына қатысудан саналы түрде бас тартқаны атап өтілген. Таңдау StartX-тің жабық фаундерлік ортасы мен Stanford экожүйесіне тікелей қол жеткізу мүмкіндігіне байланысты жасалған.

HONOR представляет HONOR X9e Pro: смартфон, готовый к самым непредсказуемым сценариям

Повышенная прочность, аккумулятор 11 000 мА·ч, AI-функции для детализированной...

HONOR күрделі жағдайларға дайын жаңа смартфон HONOR X9e Pro смартфонын таныстырды

Жоғары беріктік, сыйымдылығы 11 000 мА·сағ аккумулятор, егжей-тегжейлі түсіруге...

ГЛАВНОЕ СОБЫТИЕ ГОДА ДЛЯ ИНДУСТРИИ ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ

DESIGN SUMMIT 2026 3 000+ профессионалов 100+ спикеров 200+ компаний 50+ девелоперов 📅 29–30...

  Жыр мүшәйрасының үздіктері

Атырауда адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеп, қоғамдағы парасат пен...

11,3 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ ДАУЫ: БІРІНШІ САТЫДА ЖЕҢГЕН АЗАМАТ АПЕЛЛЯЦИЯДА НЕГЕ ҰТЫЛДЫ?

Маңғыстау облысында 11,3 миллион теңгеге қатысты азаматтық дау соттың...