12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тәуелсіздік күніне арналған теннистен турнир қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде жазасын өтеушілерді біріктірді

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде Тәуелсіздік күніне орай жазасын өтеушілер арасында үстел теннисінен турнир өтті. Турнирге барлығы 28 сотталған қатысты. Спорттық шара салауатты өмір салтын насихаттаған нағыз спорт мерекесіне айналып, қатысушылар мен жанкүйерлерді достық әрі тартысты атмосферада біріктірді.

Жарыстар жоғары деңгейдегі тартыспен өтті: әрбір матч қатысушылардан жинақылықты, төзімділікті және дәлдікті талап етті. Турнир барысында сотталғандар спорттық шеберліктерін ғана емес, қарсыластарына деген құрметін де көрсете отырып, бір-біріне қолдау білдіріп, адал ойын қағидаларын сақтады.

Мекеме бастығының орынбасары Айдын Калеловтың айтуынша, мұндай іс-шаралар тәрбиелік жұмыста маңызды рөл атқарады:
Спорт тәртіпке баулиды, жауапкершілік пен өзара сыйластықты қалыптастырады. Осындай турнирлерді өткізу сотталғандардың энергиясын оң арнаға бағыттап, олардың әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді, — деп атап өтті ол.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға грамоталар табысталды. Алайда жарыстың басты нәтижесі — қатысушылардың жағымды эмоция алып, спортпен шұғылдануға деген ынтасының артуы болды.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, мемлекеттік мерекелерге орай ұйымдастырылатын спорттық іс-шаралар игі дәстүрге айналып, алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетін болады.

Для осужденных женщин проводились курсы профессиональной подготовки

В целях исполнения пункта 3.7 протокола, проведённого Руководителем Администрации...

Сотталған азаматшаларға кәсіби курстар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының А.А. Дадебай төрағалығымен өткен...

Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен...