12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚАЖ қызметкерлері желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Тәуелсіздік күні қарсаңында қызметкерлер желтоқсан оқиғалары құрбандарын еске алып, халықтың еркіндікке ұмтылысының және ұлттық сананың символына айналған тұлғаларға құрмет көрсетті.

Қызметкерлерге тарихи деректерді, сол күндердің хроникасын және ержүрек жастардың ерлігін бейнелейтін тақырыптық бейнефильм көрсетілді.

Іс-шара көрсетілген бейнежазбаны талқылаумен аяқталды. Қызметкерлер мұндай кездесулер патриотизмді нығайтуға, тарихқа құрмет көрсетуге және мереке қарсаңында ұжымдағы бірлікті қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

— Желтоқсан оқиғаларын еске алу тек сол трагедияға құрмет көрсету ғана емес, бұл әр ұрпаққа таныстыруға тиіс біздің тарихымыздың маңызды бөлігі. Сол оқиғалар еркіндікті бағалауға, қоғам алдындағы жауапкершілікті түсінуге және елдің болашағы үшін өмірін құрбан еткен адамдардың ерлігін құрметтеуге үйретеді. Мұндай іс-шараларды өткізу болып өткен кезеңдермен байланыс орнатуға, қызметкерлердің патриоттық сезімін қалыптастыруға және ұжымдағы бірлікті нығайтуға көмектеседі, — деді мекеме бастығы Аслан Нұрбеков.

— Мен үшін сол оқиғаларды есте сақтау маңызды, себебі ол еркіндікті және әрқайсымыздың қоғам алдындағы жауапкершілігімізді бағалауға мүмкіндік береді. Мұндай кездесулер тарихты тереңірек түсінуге және әріптестермен бірлікті сезінуге мүмкіндік береді, — деді мекеме қызметкері.

Для осужденных женщин проводились курсы профессиональной подготовки

В целях исполнения пункта 3.7 протокола, проведённого Руководителем Администрации...

Сотталған азаматшаларға кәсіби курстар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының А.А. Дадебай төрағалығымен өткен...

Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен...