2025 жылғы 11–13 желтоқсан аралығында Тараз қалалық №1 Пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған сотталған тұлғалар бойынша «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған шараның мақсаты – пробациялық бақылаудағы сотталғандардың жаза өтеу шарттарын сақтауын тексеру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және қайта қылмыстың болдырмау.
Іс-шара аясында пробация қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп, сотталған азаматтардың тұрғылықты жері мен мінез-құлқын қадағалап, тіркеу талаптарының орындалуын тексеруде.
Бұл профилактикалық жұмыс — қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мен сотталған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге бағытталған.
Тараз қалалық №1 Пробация қызметі осындай іс-шараларды алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.


