12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тойдың сәні — асаба

Қазақ қоғамында той – тек отбасылық қуаныштың емес, ұлттық бірегейліктің көрінісі. Той мәдениетін зерттеушілердің айтуынша, қазақтың тойы ғасырлар бойы елдің әлеуметтік өмірін, рухани дүниесін, тіпті тәрбие жүйесін қалыптастыруға үлес қосып келеді. Осы ретте той жүргізушілері де салт-дәстүрдің сақталуы мен жаңғыруында маңызды рөл атқарып келеді. Яғни тойларда ұлттық салт дәстүрдің ұмытылмасы үшін түрлі жолдармен ұлт санасына ұлттық құндылықтарымызды, ұлттық маңызы зор тәлім тәрбиені сіңіріп келді.

Солардың бірі тәжірибелі тамада Женисбек Зайтбекович. » Қазіргі тойдың басты ерекшелігі – ұлттық мазмұнға сұраныстың артуы болып отыр. қазақтың ұлттық киімдері бұрын тек ұлыстың ұлық мерекесі наурызда ғана киілетін болса, қазір тойларда бала шағасы, немере шөберелерімен ұлттық киімде шығуға тырысатындар көбейіп келеді. Той арқылы халқымыздың ұлттық киімдерге деген ықыласын байқап отырмыз. Ұлттық киімдер де заманауи сұранысқа бейімделіп, барынша түрленіп, сәнді, стилді болып қалыптасып келеді. Қазақ тойы – ұлттың айнасы. Біз не жоғалтсақ, тойдан бастап жоғалтамыз; не сақтасақ, тойдан бастап сақтаймыз” дейді Женисбек ағамыз.

Қазақы тойдың сәні мен салтанаты көбіне тамаданың шеберлігіне байланысты. Сахна сыртында қарапайым көрінгенімен, тамаданың еңбегі – күрделі ұйымдастыру, уақытпен санаспаған дайындық және көпшілікпен жұмыс істеудің үлкен жауапкершілігі. Олардың жұмысы — тек микрофон ұстап, тост айтқызу емес. Тамада — сценарист, режиссер, психолог, тіпті кей сәтте күйзеліске қарсы маман. Әр түрлі мінездегі жүздеген адамды бір арнаға бағыттап, көңіл-күйді көтеріп, отбасылық қуанысты жарасымды түрде жеткізу – кәсіби білікті талап етеді. Олар тойға бірнеше күн бұрын дайындалады. Сценарий құрастырады, салт-дәстүр элементтерін реттейді, музыкалық ретпен келіседі; той иесі туралы ақпарат жинайды, қонақтардың жас ерекшелігіне қарай контент қалыптастырады.

Той күні тамаданың жұмысы одан да күрделі. Ол залдағы атмосфераны бақылап, эмоцияны басқарып, уақыт кестесін дәл ұстап, күтпеген жағдайларда да саспай шешім қабылдауы тиіс. Қонақтың көңілі түссе де, микрофон істемей қалса да, мәзір кешіксе де – бәрінің жауапкершілігі, ең алдымен, тамадаға түседі. Кәсіби тамадалар “той – бұл бір күндік мереке, бірақ сол күнді мінсіз ету үшін біз апталап еңбек етеміз” дейді. Олардың пікірінше, тамада — тойдың жүрегі. Оның сөз саптауы, мәдениеті, тапқырлығы мен энергетикасы тұтас мерекенің деңгейін анықтайды. Қазақ қоғамында той – мәртебе, ал тойды абыроймен өткізу – үлкен міндет. Сол міндетті атқарып жүрген тамаданың еңбегі көп жағдайда бағаланбай жатады. Бірақ шын мәнінде, олар – ұлттың мәдениетін сақтап, дәстүрін дәріптеп, әр отбасының қуанышын есте қаларлық деңгейде өткізетін кәсіби тұлғалар.

Осы орайда жақында Женисбек Зайтбекович «Намыс» төсбелгісімен марапатталды. Бұл да болса асабалардың қоғамдағы онының айқындалғанының бір көрінісі болса керек.

«Байтақ» партиясы журналистермен кездесу өткізді

Байтақ партиясының Алматы қалалық филиалында "Байтақ" жасылдар партиясының өкілдері...

Ата-аналар форумы көпшіліктің көңілінен шықты

Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта мектепте Мемлекет...

«Үздік педагог – 2025» конкурсының жеңімпаздары

 Абилова Меруерт ҚуанышқызыАлматы қаласы «№181 жалпы білім беретін мектеп»,...

«Жалған» анықтама: Алматылық тұрғын тергеуді әділетсіз деп айыптап отыр

Алматы тұрғыны көршісімен болған төбелестен кейін қылмыстық іске тартылып,...

Динараның дара жолы!

Ел тарихында ерекше орын алатын, ең маңызды мерекелердің бірі...