12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Динараның дара жолы!

Ел тарихында ерекше орын алатын, ең маңызды мерекелердің бірі – Республика күні. Бұл күн – еліміздің тәуелсіздігіне жол ашқан, мемлекеттік егемендіктің іргетасы қаланған тарихи сәттің айғағы. Еліміз үшін маңызды мерекеге жетуіміз жолында талай ерлер тер мен қан төксе, сол егемендігіміз баянды болуы жолында көптеген ел еңбеккерлерінің еңбегі бар. Солардың бірі – Динара Бердімұрат. 

Динараның жүріп өткен жолында жас ұрпақты тәрбиелеп, ұлттық тәлім тәрбие мен білімді қатар сіңірумен қатар, қоғамға берері мол бірнеше кітап шығару, ел ішіндегі әр саланың үздіктерін марапаттау секілді маңызды істер бар. 

Алдымен балаларға арналған ұлттық оқулықтардың жетіспеуіне алаңдаған Динара ұлт жанашыры ретінде бірнеше рет таза қазақ тілінде, балаларға арналған ұлттық тәлім тәрбиелік мәні зор математика бағытындағы оқулықтың басылып шығуына мұрындық болды. 

Одан соң «Кәусар» балалар орталығын ашып, ол жерде сапалы білім мен ұлттық тәрбиені қатар беріп, мыңдаған баланың заманауи бағытта білім алуына ықпал етті. Бүгінде аталмыш орталық қанатын кеңейтіп, үлкейіп, балаларға заман талабына сай білім беріп, балаларға мотивация боларлық тұлғалармен кездесу өткізіп, балалар көңілін табатын кәсіби мамандардан құралған мықты оқу орталығына айналып отыр.  

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдардан бері көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Әсіресе экономикалық өсу, саяси тұрақтылық, халықаралық байланыстар мен ұлттық мәдениетті дамыту салаларында елеулі ілгерілеулер болды. Мемлекет басшылары мен халықтың бірлескен күшімен Қазақстан көпұлтты және тұрақты мемлекет ретінде әлем картасында өзіндік орнын тапты. Еліміздің осынау нығаю жолында талай тұлғалар қоғамымызда қалыптасты. Әйтсе де олардың барлығы бірдей қоғам назарына іліге бермейді. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «300 қайраткер» энциклопедиясын шығарып, ел мақтаныштарын бір кітапта топтастыруға мұрындық болды. «Ұлт жанашыры» энциклопедиясы да талай тұлғаларды елге танытты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі тұлғаларды марапаттап отыру әрқашан маңызды екенін еске салып, «Мен өзім бұл мәселеге айрықша мән беремін. Сол себепті әрбір орден-медальдің терең мағыналы әрі ерекше болуы, жұрт көңілінен шығатындай болуы өте маңызды. Сол үшін мемлекеттік марапаттар жүйесін халықтың жанына жақын әрі түсінікті етіп жасау қажет» деп ел ішіндегі марапаттау жүйесін жүйелеу қажет екенін айтқан еді.

Осыдан соң Динара Бердімұрат «Ұлт жанашыры», «Ел жанашыры», «Алтын адам», Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісін жолға қойып, мыңдаған адамның еңбегінің еленуіне ықпал етті. 

Марапаттау – адамның еңбегін, ерлігін немесе қоғамға сіңірген үлесін мойындаудың жоғары түрі. Бұл – азаматтың қажырлы еңбегіне берілетін құрмет пен алғыс белгісі. Марапаттау арқылы мемлекет, ұйым немесе қоғам адам еңбегінің бағалы екенін көрсетеді. Орден мен медальдар – тек әдемі белгілер емес, олар ел алдындағы адал қызметтің, ерліктің және азаматтық жауапкершіліктің символы. Мұндай марапаттар адамдарды отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, тәртіп пен намысқа тәрбиелейді. Марапат иесі өз еңбегінің еленгенін сезініп, одан әрі талпынып, қоғам игілігіне жұмыс істеуге ынталанады. Сондай-ақ орден мен медальдар – кейінгі ұрпаққа үлгі болатын рухани мұра. Олар тарихта ел дамуына үлес қосқан тұлғаларды есте сақтауға мүмкіндік береді.

Сондықтан марапаттау жүйесі – қоғамдағы әділдік пен еңбекті бағалаудың маңызды тетігі. Орден мен медальдар қажет, себебі олар адамдарды жігерлендіреді, елге қызмет етуге шабыт береді және ұлттық рухты көтереді. Демек осынша адамға мотивация беріп, қоғам алдында еңбегінің еленуіне үлес қосып жүрген Динараның өзі де құрметке лайық! Республика күні секілді маңызды мерекеде ел ішіндегі бетке ұстар тұлғаларымыз еңбегіне сай марапатталып жатқан тұста Динара Бердімұраттың да ел үшін жасап жүрген жұмыстарын ел назарына ұсынып қоюды жөн көрдік! Ол қоғам үшін қыруар еңбет етіп жүрген ғана жан емес, жары Дидарға адал жар, қызы Айаруға аяулы ана! 

Осы жылдар ішінде осынау игі жұмыстары үшін мемлекет тарапынан түрлі марапаттарға да ие болды. Әйтсе де Динара қоғам үшін «бергенімнен әлі де болса берерім көп» дейді.

Еңбек еленіп, мемлекеттігіміз нығаюы жолында жасаған еңбегіңіз жемісті бола берсін!

Еркенұр Қонысбай

«Адем» сауда үйінің кәсіпкерлері «Алматы паркинг» компаниясының әрекетіне неге қарсы?

Алматы қаласындағы «Адем-3» сауда үйінің кәсіпкерлері өздерінің бизнесіне қауіп...

Стройка раздора: что на самом деле строят в Академгородке?

В Алматы жителей Академгородка не на шутку встревожило строительство...

SABA Group KZ: Біз сатып алған жер телімі қаланың бас жоспарына сай келеді

Бұған дейін Алматыдағы Академқалашық тұрғындары үйлерінің маңында жаңа ғимарат...

«Сервис-АСТ» ісі: Сот талапкер арызын қанағаттандырмады

Астанадағы Назарбаев әуежайы төрт жыл қатарынан ақша айырбастау қызметінде...