Қала жұрты шырт ұйқыға кеткенде əлдебіреу ақпарат жүйесіне ұрлана кірді. Көз ілеспес шапшаң саусақтары пернетақтада емес, заң мен ардың шекарасында биледі. Экран жарығы қараңғы бөлме тыныштығын қақ жарып тұр. Бір код жолынан кейін құпия құжат қолға түскен. Адамдардың өміріне кіретін хакер сана мен сандық жүйенің арасын торлаған көлеңкеге айналған. Сол көлеңкені бүгін Абылай Қайсенов іздеуге кіріспек. Қылмыс ізі сағымдай бұлыңғыр. Көктемнің самал желі еседі. Шамдары жарқыраған қаланың мүлгіген тыныштығын Абылай Қайсеновтің аяқ киімінің дыбысы ғана бұзып келеді. Түн ортасында қалалық ішкі істер департаменті ғимаратында жұмыс қауырт. Абылай лəм-мим деместен екінші қабаттағы тергеу тобының бөлмесіне бет алды. Ол кіргенде көмекшісі, лейтенант Данияр Жандос монитор алдында отырған күйі орнынан атып тұрды. – Түн тыныштығын бұзған қандай жағдай, – деді тергеуші, сырт киімін шешпестен. – Полковник, қалалық əкімдіктің мəліметтер базасына жасалған кибершабуыл туралы хабар түсті. Құпия құжаттар сыртқа шығып кеткен болуы мүмкін. – Жүр, дереу оқиға орнына барайық! Сағатына қарады: түнгі екіге он минут қалыпты. Көмекшісі лейтенант Данияр Жандос екеуі қызметтік көлікке отырды. Қала көшелерінде сирек кездесетін көлік шамдары айнаға шағылысады. Жол ұзақ емес. Көп ұзамай көлік əкімдік ғимаратының алдына келіп тоқтады. – Жағдайды жылы кеңседе емес, сервер бөлмесінде көреміз, – деді Абылай Қайсенов суық жүзбен. Ғимарат ішіндегі күзет те, кезекші қызметкерлер де абыржулы. Электрондық құлыптың коды теріліп, жерасты қабатына түсетін есік сықырлай ашылды. Сервер бөлмесіне алғаш кірген сəтте Қайсенов кілт тоқтай қалды – бөлмеде температура қалыпты, бірақ ауаның ішінде бір бөтендік бар. Бұзылған жүйенің тынысындай. – Данияр, ештеңеге тиіспе. Ізді бүлдірме. Құжаттық тіркеуді осы сəттен бастай мыз, – деді ол бəсең дауыспен. Тергеушінің көзі қабыр ғаға орнатылған мониторларды, оларда айналып жатқан ақпарат ағындарын шолып өтті. Сервер бөлмесінде тыныштық орнаған. Бірақ бірдеңе жетіспейтіндей сезім болды. – Бұл жерде бір нəрсе бар, – деді Қайсенов көңіліне күдік алып. – Данияр, барлығын мұқият тексеріп шық. Көмекшісі басын изеп, компьютерді ашты. Абылай Əзімханұлы оның əр қимылын бақылап тұрды. Монитордың экранына түскен ақпараттар кілт өзгеріп, əдеттегі операциялық жүйе емес, басқа бір əлемге апаратындай. Бірақ бұл кезде бəрі бірдей анық емес еді. Құпия құжаттар мен ақпараттар сыртқа шығып кеткен, бірақ сол мəліметтердің қайда кеткені, кімдерге түскені əлі белгісіз еді. Абылай Қайсенов бөлмедегі ауа да ерекше бір сезім барын сезді. Əдетте мұндай бөлмелерде ешқандай сезім мен белгі болмайды. Тек салқындық, тыныштық жəне киберқауіпсіздік жүйесінің үздіксіз жұмысы. Бірақ бүгін бəрі басқаша еді. Бұл сезім оның ішкі түйсігіне қандай да бір өзгеріс барын байқататын. Тергеушінің əр қадамы мəліметтерді тереңірек зерттеуге, көзге көрінбейтін іздерді ашуға бағытталатын. Данияр тергеу барысында бірнеше маңызды деректі таба алды. Ол əлденені сезгендей, мониторды қайта қарап, басын шайқады. – Абылай Əзімханұлы, мұнда бір кодтық белгі бар, бірақ ол жүйеден тыс. Бұған дейін мен мұндай нəрсені көрген жоқпын. Қайсенов жүрегінің түбінде бір нəрсе ұшқындап өтті. Əдеттегі тəжірибесі мен интуициясына сүйене отырып, жүйедегі бұзушылықтың тек техникалық қателік емес, үлкен қылмыстық əрекеттің ізін қалдырғанын сезді. – Бізде күдікті дəл қазірдің өзінде бар. Ол осы жерден біршама уақыт бұрын өткен болуы мүмкін. Бірақ сервердің ішінде не бар екенін түсінуіміз керек, – деді тергеуші. Кезекші қызметкерлердің көздерінде қорқыныш пен алаңдау шылық байқалды. – Бұл жалған бұйрықтар мен құжаттар əкімдіктің ішкі серверінен шыққан, – деді Данияр. – Мұндай ақпаратқа тек жүйенің ішкі жұмысын білетін немесе арнайы құқықтары бар адамдар ғана қол жеткізе алады. – Егер хакер мəліметтерді 01:15-те ұрлаған болса, дəл сол уақытта серверде ішкі қолжетімділік болған, – деді Абылай Əзімханұлы. – Түнгі ауысымда тек үш адам болды, солардың бірі істеуі анық. Күдік соларға түседі. Сервер тексерісі аяқталған соң, Қайсенов бөлмені тағы бір рет шолып шықты. Операциялық жүйелер мен кодтардың əрбір жолы оның көз алдында тұрып, іздер мен қателіктерді іздеуін жалғастырды. Хакердің ізіне түсу оңай емес, əдетте олар із қалдырмайды. Мұндағы тыныштыққа қарамастан, бөлме ауасы тым ауыр болатын. Полковник Абылай Қайсенов – жанарында мұздай сабыр мен оттай əділет оты қатар жанып тұратын адам. Орта бойлы, иықты, арқасын тік ұстаған сымбатты дене бітімі оның жас күнінде спортпен шұғылданғанын аңғартады. Көзқарасы – өткір, жанарында жарқыл бар. Оның қою көк костюмі мен мұнтаздай таза ақ жейдесі – тəртіпке деген ішкі құрметтің көрінісі. Сөзі қысқа, үні нық. Ол үшін қызмет – шен не атақ үшін емес, əділеттілік жолындағы іштей берік серт. Тергеуші бір сəтке көзін жұмып, іштей ойланды. «Бұл адам – жай ғана əуесқой емес. Бұл – цифрлық кеңістікті бес саусағындай білетін, жүйелердің осал тұсын дəл таба алатын əккі қылмыскер. Оның əр қадамы есеппен жасалған, əр код – терең ойдың жемісі». Түнгі тыныштықтың ішінде беймəлім қылмыс əлдеқашан орын алғанын сезінді. Қазір тек із қалды. Ең əлсіз, бірақ ең шынайы дəлел – абайсызда қалған код фрагменті ғана. Бұл тек қана цифрлар мен кодтар емес еді, бұл – бір адамның қылмысы. Сол адамның ізін табу Қайсеновтың парызына айналды. Ол терең тыныс алып, серіктесіне қарады. – Ертең не істейміз, Данияр? Мəліметтер күрделі, əрбіріміздің көзқарасымыз маңызды. – Бірінші кезекте мəліметтерді қайтадан тексереміз. Əрбір құпияға уақыт керек. Бүгінге дейін дұрыс деп саналған нəрсе ертең өзгеруі мүмкін. Қараңғы түнде уақыт үнсіз сырғып жатқандай, Қайсенов бір нүктеге шоғырланып, қылмыскердің жасырынған көлеңкесін ашатын деректі іздеді. Таңғы салқынмен полковник Абылай Қайсенов пен көмекшісі, лейтенант Данияр Жандос, қалалық сот мөрі басылған рұқсат қағазды ала келіп, Астана қалалық əкімдігіне кірді. Қызметкерлерге құжатты көрсете отырып, олар заң талабына сай əрекет етті. Сервер аса сақтықпен арнайы контейнерге салынып, тəркіленді. Абылай көз қиығын салып: – Бұл сервердегі əр байт – куəгер. Сөйлету бізге байланысты, – деді қатулы қабақпен. Тергеу тобы серверді мұқият тексеріп, жүйенің ішкі құрылымын зерттей бастады. Бірақ техникалық кедергілер мен күрделі шифрлар тергеуді тежеп тұрды. Əрбір файлды ашу үшін жүйенің ішкі қауіпсіздік құрылымдарын бұзу қажет болды. Шифрланған деректердің көпшілігі тек жоғары деңгейдегі мамандардың көмегімен ғана шешілуі мүмкін еді. «Бұл жұмысты жеделдету үшін сенімді адам керек, – деді Қайсенов ойланып. – Ұлым Медғатты шақыру керек». Көп ұзамай, Медғат келіп, сервердің лог – файлдарын зерттей бастады. Ол жүйеде бұрын байқалмаған бір IP-мекенжайдың əкімдік жүйесіне бірнеше рет кіргені анықтады. – Бұл жай хакер емес, – деді Медғат, көздерінен алаңдаушылық байқалып. – Бұл – Лисбет! – Лисбет! – деп жалт қарады əкесі. – Иə, Лисбет – əлемдегі ең танымал хакерлердің бірі. Оның шеберлігі көпшілікті таңғалдырған. Ол заңсыз түрде жеке деректерге қол жеткізе алатын жоғары деңгейлі хакер. Ол компьютерлерге қашықтан қосылып, құпия файлдарды алады. Ол үшін электронды пошталар мен серверлерді бұзу түкке тұрмайды. Ол өз мақсаттарына жету үшін кез келген қорғаныс қабатын бұза алады, – деп түсіндірді Медғат. – Е-е, сонда бұл хакер адамдардың жеке өмірін бақылап, цифрлық дəлелдер жинайды десеңші, – деді əкесі көңіліне күдік алып. – Бұл мекенжай сырттан келген, бірақ əкімдік жүйесіне еркін кіріп отырған, – деді Медғат. – Ішкі адаммен байланысы бар хакер болуы мүмкін. – Əке, бір маңызды айғақ таптым, – деді Медғат сəлден соң. – Хакерге тəн бір белгі бар. «JS» деген код фрагменті қалған. Ең қызығы, хакер құпия таңбаны əдейі қалдырған. – Бұл жай код бұзу емес, – деді тергеуші Абылай. – Иə, хабарлама. Ұлының ұқыпты əрі шапшаң жұмыс істегенін түсінген Қайсенов жымиды. Ол ұлының техникалық білімін əрқашан жоғары бағалағанымен, оны тергеуде көмекші ретінде қосу əлдеқайда тиімдірек болар еді деп ойлады. – Ұлым, қылмыскердің əр əрекеті цифрлық із қалдыруда. Сенің тапқан мəліметтерің өте құнды, – деді Абылай сөзін жалғап. Абылай баласының қасына келіп, экранға үңілді. Бірнеше мəліметті тексеріп болған соң: – Əке, мұнда біз көптеген қателіктерді көріп отырмыз. Егер осы мəліметтерді дұрыс талдасақ, оларды анықтап, тергеуге пайдалы ақпарат ала аламыз, – деген сөздері əкесінің тұжырым жасауына түрткі болды. Қайсенов ойланып қалды. Ұлының цифрлық əлемге қаншалықты терең үңіле алатынын түсінгенде, өз көзқарасын да кеңейте түсті. Мұнда тек бағдарламалар мен кодтар емес, адамдардың ішкі əлемі мен ойларын да ашу керек еді. – Сенің айтқаның дұрыс, ұлым. Бірақ бұл тек цифрлар мен кодтардан əлдеқайда тереңде жатыр. Біз бір нəрсені ұмытпауымыз керек – əрбір істің артында адам тұр. Технология маңызды, бірақ адамның психологиясын түсінбей, түпкі мақсатқа жете алмаймыз, – деді Қайсенов, бұл жолы сөздеріне терең мəн бере отырып. Медғат басын изеп, əкесінің сөзін қабылдады, бірақ өзінің көзқарасымен бөлісіп: – Əке, бірақ цифрлық əлем өз заңдылықтарына бағынады. Ол жерде ештеңе кездейсоқ емес. Біз тек адам мінез-құлқын ғана емес, əрбір мəліметтің өз тілін түсінуіміз қажет, – деді ол. Қайсенов бір сəтке үндемей қалды. Ұлының айтқандары оның ойларын жаңа қырынан аша түсті. Əрбір қадамдарын өте сақ əрі ұқыпты басып, олар қылмыскердің ізін қатаң түрде табуы тиіс еді. Қалалық ІІД тергеу басқармасының бастығы, полковник Абылай Қайсенов жаңа мəліметтерге көз жүгіртті. «Хакердің логикасы қызық. Ол қалай ойлайды? Қашан жəне не үшін шабуыл жасады? Мұның артында бір мақсат бар, тек қана техникалық қадамдар емес», – деді іштей. Данияр жаңа мəліметпен кірді. – Полковник, оның бұрынғы ІТ маманы екені белгілі болды. Ішкі жүйені жақсы біледі. Бұл əрекетке əдейі барған. Бізде бір емес, бірнеше күдікті бар. – Иə, бізге нағыз қылмыскерді табу керек. Бұл ұйымдасқан топ болуы да мүмкін. – Кім болса да, хакердің іс-əрекеті есеппен жасалған, – деді Данияр, монитордағы деректерге қарап. – Біз бірнеше хакердің ісін зерттеп жатырмыз, бірақ олар тек бізді адас тыру үшін жалған іздер тастап кеткен сияқты. Қайсенов ойланып қалды. Іс күрделеніп барады. – Хакердің ниетін анықтау керек, – деді тергеуші. – Тек қылмыстың техникасын емес, оның мақсатын түсінбейінше, біз алға жылжи алмаймыз. Екеуі кеңсе үстеліне жақындап, мəліметтерді талқылады. Абылай мен Данияр сервер деректерін саралап, Медғаттың тапқан IP-мекенжайлары мен лог файлдарының бір адамға апаратынын байқады. Оның көзі мұрағаттық жазбаларға түсті, ІТ бөлімінің бұрынғы қызметкерлерінің аттары мен жұмыстарының ерекшеліктерін қарап шықты. Бір-екі есім ерекше көңілін аударды. – Абылай Əзімханұлы, осы «JS» кодының стилі Жаһангер Сайранға ұқсайды. ІТ саласында ұзақ жұмыс істеп, жүйенің ішкі тұстарын жақсы меңгергені анық. «Жаһангер Сайран деген лақап атпен жүрген адам кім?» – деп ойлады тергеуші. Қайсенов басын шайқап, сыбырлады: – Бұл тек техникалық із емес, психологиялық ойын. Қылмыскер əлеуметтік инженерия мен фишингті де пайдаланған болуы мүмкін. Оны ұстау үшін, алдымен оның ойлау тəсілін түсіну керек. Абылай Қайсенов істі тереңірек зерттеуге кірісті. Оның қолында тек «JS» деген код фрагменті ғана бар еді, бірақ бұл кішкентай бөлшек – үлкен жұмбақтың бастамасы болатын. – Бұл тек код емес, – деді Абылай ішінен. – Қылмыскердің саусақ ізіндей. Қылмыскер виртуалды əлемде із қалдырмау үшін барынша күрделі амалдарға барғаны анық. Қайсенов терең тыныс алып, ұлы Медғатпен кеңесуді ойлады. Көп ұзамай Абылай Қайсеновтің тергеу бөлмесіне Медғат келіп кірді. Ол жүйенің ішкі журналдарын қарап, əртүрлі IP– мекенжайларды бақылап отырды. – Əке, бұл жерде бірнеше жалған хакер əрекет жасап жатыр. Бірі өзінің орнын шатастыру үшін сансыз маскалар қолданған, – деді ол. – Хакер VPN мен Tor арқылы бүркемелеп, жалған IP– мекенжайлардың тізбегін құрған. Енді жүйе журналдарын, сервер логтарын қайта құрастырып, оның шынайы орнын табу керек. Қайсенов басын шайқап: – Бұл – жалған іздердің торы. Нағыз хакер ішкі адам болуы ықтимал, бəлкім жүйеге бұрыннан кіру мүмкіндігі бар, – деді. Олар мəліметтерді салыстыра отырып, қылмыскердің виртуалды профилін жасай бастады. – Фишинг əдісі қолданылған, – деді Медғат. – Шенеуніктер жалған хаттардағы сілтемелерге кіріп, хакерге жүйеге жол ашып берген. – Бізге бұл желіні үзу керек. Барлық жалған іздерді жойып, нағыз қылмыскерді табу – басты мақсат, – деді Қайсенов. Экранда ашылған лог – файлдар мен сервер журналдары қатарынан тізіліп, тергеушінің назары соған ауған. – Бұл – хакердің алғашқы іздері, – деді Медғат. – IP-мекенжайларды талдағанда, əртүрлі VPN мен проксиді қолданғанын көрдік. Бірақ бұл іздеуді бастауға мүмкіндік береді. – Ұлым, біз тығырыққа тірелген сияқтымыз, – деді Қайсенов. – Хакердің қалдырған белгісі – қылмыскердің жалған есімі ғана. – Иə, əке. Біз оның қай бағытпен кіргенін, қандай құралдар қолданғанын жəне қай деректерге қол жеткізгенін анықтадық. Бұл – Жаһангердің ерекше стилі. – Ең бастысы – мақсаты не? Жай хакерлік пе, əлде кек пе? – Мүмкін, бұрынғы қызметкер. Жүйенің ішкі құрылымынан хабардар. Бұл – кəсіби адамның ісі. Қайсенов терең тыныс алып: – Біз оның кім екенін анықтауға жақындадық. Оның қолтаңбасы – бізге бағыт беретін шамшырақ. – Əке, хакердің логикасын түсінуге көмектесемін. Бұл «JS» коды – оның ізін жасырудың бір бөлігі ғана. Онымен бірге бірнеше жалған іздер тастап кеткен. Бізге оларды ажырату керек, – деді Медғат. Қайсенов жымиып: – Жақсы жұмыс істедің, ұлым. Бұл күрес ұзаққа созылады, бірақ біз əр байттың артындағы шындықты табамыз. Тергеушілер үнсіз ойға шомды. Цифрлық əлемдегі күрес енді жаңа сипатқа ие болды – бұл енді жай бұзу емес, мақсат пен мағынаға құрылған айқас еді. Тергеуші Абылай Қайсенов таңғы кофесін ішіп отырған. Бөлмеге Медғат асыға кірді. – Əке, жаңа дерек бар. Бір IP-мекенжай қаланың шетіндегі ескі қоймаға апарады, – деді ол. – Қойма ма? Дереу тексеру керек! – деп орнынан атып тұрды Қайсенов. Полковник көмекшісіне шұғыл жиналуға бұйрық берді. Лейтенант Данияр Жандос қаруын сайлап, көлікті тізгіндеді. Олар арнайы топпен бірге аттанды. Қойма сырттай қарапайым көрінгенімен, ішке кіргенде мүлде басқаша көрініс ашылды: кəсіби орнатылған компьютерлер, серверлер, сымдар… – Бұл жерде біреу өте мұқият жəне кəсіби жұмыс істеген, – деді Данияр таңдана. Тінту кезінде ескі шкафтың артынан шағын сейф табылды. Ішінен бір флешка шықты. Ондағы деректерде «JS» деген белгілермен белгіленген файлдар болды. – Бұл – хакердің қолтаңбасы. Əкімдікке шабуыл кезіндегі белгілермен дəл сəйкес келеді, – деді Қайсенов. Флешкадағы материалдарды зерттей келе, олар хакердің əрекеттері мен байланыстарының сызбасын тапты. – Қойма – хакердің басты орталығы болған сияқты, – деді Данияр. – Бұл жерге бақылау орнату керек. Күдікті көп ұзамай мұнда қайта оралуы мүмкін, – деді Қайсенов. Қайсенов қойма ішін асықпай шолып шықты. Бір бұрышта тұрған аяқ киімді көзі шалды. – Мұны кеше ғана киген, – деді ол. – Табанында кеппеген балшық. Бұл қаладағы құрылыс орындарының бірінен болуы мүмкін. Данияр түсіне алмай қарады. – Қарашы, балшық сұр қоңыр түсті. Тек Есіл ауданындағы бос жатқан құрылыс алаңында ғана сондай топырақ бар. Ал қоймадағы бетон еденде дəл осы түсті із қалған. Демек, бір адам екі жерде де болған. Қойма да, құрылыс та – бір тізбек. Бізге сол бағытта қазу керек, – деді Қайсенов байыппен. Ертеңінде Абылай Қайсенов компьютер бөлмесіне кіргенде, бірден өзгеше бір нəрсе байқалды. Терезеден төгіліп тұрған əлсіз жарық бөлмені жартылай жарықпен көмкергенімен, оның ішкі сезімі өзгеше қимылды сезінді. Қараған жерлерін шолып шықты да, компьютер үстіндегі тышқанның орнын көріп, көңіліне секем алды.
Тышқан орны қалыпты күйден ауытқып тұрды – оны бұру немесе жылжыту мүмкін емес еді, себебі дəл сол күйінде қалуы тиіс. Бұл – бөлмеге кейінірек біреудің кіріп, компьютерге қол тигізгенінің кішкентай, бірақ маңыз ды белгісі еді. Қайсенов бұл ұсақ өзгерісті байқап, ішкі интуициясына сүйенді. «Кімде-кім бұл бөлмеге хакерден кейін кірсе, ол осы істің сырына тереңірек араласып жатыр», – деп ойлап, қала əкімдігінің серверлерін қайта тексеруге шешім қабылдады. «Мүмкін, басқа біреу флешкадағы ақпаратқа немесе жүйеге араласқан болар». Мұның өзі тергеудің жаңа бағытын ашып, басты қылмыскерге жетуге жол салатын маңызды бөлшек еді. Қайсенов ұсақ белгілердің маңыздылығын жақсы түсінеді. Бір қарағанда елеусіз көрінетін осындай өзгеріс тердің өзі үлкен қылмыстың жəне күрделі құпиялардың бетін ашатын кілт болуы мүмкін екенін біледі. Тергеу ші үшін кез келген кішігірім іздің, белгі мен əрекеттің мəн-мағынасы ерекше. Түн. Қаланың шетіндегі ескі қойма маңында үнсіздік орнаған. Тергеуші Абылай Қайсенов көзін қараңғыға үйретіп, қойманың сыртында тасаланып тұрды. Жүрегі сабырлы, қозғалысы жаттыққан спортшыдай сергек. Кенет, қақпа сықыр етіп ашылды. Көлеңке секілді бір адам ішке қарай жылжыды. Сол сəтте Қайсенов серіппедей атыла жөнелді. Жас күнінде татами төрінде төселген шеберлігімен қарсы алдынан шыққан күдіктіні жерге құлатты. – Тыныш! Полиция! – деді ол батыл қимылдап. Күдікті қарсылық танытпақ болды, бірақ Қайсенов шалт қимылмен тізе тұсынан басып, қолын қайырды. Данияр жүгіріп келіп, кісен салды. – Əлі де күрес техникасы жұмыс істейді екен, – деді Қайсенов жымия. Хакердің иығынан сусып кеткен сөмкеден ноутбук, код жазылған бірнеше флешка табылды. Бұл деректер – тергеудің соңғы кілті болатын. Терезеге тамған жаңбыр тамшылары қала шамдарының жарқыраған жарығында сырғып, көше көліктері мен ғимараттардың көрінісін бұлыңғырлата түсетін. Абылай Қайсеновтің жүрегі дəл осындай – үміт пен мұң араласқан күйде болды. Ол ішкі дауысына құлақ салып, əр шешімнің ауыр салмағын терең сезінді. Заң мен əділеттілік үшін күресте адамдық қасиетті жоғалтуға болмайтынын түсінген сəт еді. Тергеу бөлмесінде тыныштық орнаған. Абылай əлсіз жарық астында үстел басында отырды. Қолындағы флешка – жай ғана дəлел емес, шешім күтетін жұмбақтың жауабы іспетті еді. Жаһангер Сайран – қараңғы интернеттің түкпірінен шыққан ерекше тұлға. Бұл – қарапайым қылмыс емес, қоғамға бағытталған үнсіз айыптау. Тергеуші оның неге заңға қарсы тұрғанын түсінуге тырысты: бұл əдеттегі заң бұзу ма, əлде ішкі əділеттілікке деген қарсылық па? Жаһангердің əрекеті – наразылықтың, үнсіз күрестің көрінісі болатын. Кісендегі Ернұр Сəтбай көзін төмен салғанымен, оның ішкі арпалысы аңғарылды. Қайсенов күдіктінің қарашығын мұқият бақылап, байыппен: – Ернұр, біз сенен долбар сөзді емес, шындықты талап етеміз, – деді. Абылай флешканы үстелге қойып, бірден іске кірісті: – Бұл кодтар – сенің қолтаңбаң. Вертуалды жеке желі, прокси ауыстыру, MAC-адресті спуфинг… бəрі сенің кəсіби тəсілің. Бірақ бір қателік бар. Лог-файлда қолданылған «ZX– 7» модулі – тек сен пайдаланатын ерекше шифрлеу əдісі. Ернұр үнсіз қалды. – Сен Жаһангер Сайранның серігісің, – деді Қайсенов. – Мен оны ешқашан көрген емеспін, – деп жауап берді Ернұр. – Жоқ, бұл жалған! «KZ_Ghost» – Жаһангердің онлайн лақап аты. Сен оны жаңа ғана айттың, – деп күлімсіреді тергеуші. Ернұрдың иығы төмен түсіп, көзі тайды. – Біз форумда сөйлестік. Ол жүйенің кемшіліктерін ашуды тапсырды. Мен тек код жаздым. Ақша қажет болды… Қайсенов тыныс алуындағы өзгерісті, қолының дірілін байқап: – Сен не істеп жатқаныңды жақсы білдің. Енді көмектесуге тиіссің. – Флешкадағы деректер бірнеше виртуалды серверге жіберілді… Мен олардың қайда екенін білемін, – деді Ернұр əлсіз үнмен. Қайсеновтің көзінде от тұтанып, тергеу нақты бағыт алды. Енді із тікелей Жаһангерге апаруы мүмкін еді. Топ Ернұрдың барлық байланыстарын мұқият тексеріп, чаттар мен форумдардағы IP-мекенжайлар мен хабарламаларды жан-жақты талдауға алды. Техникалық мамандар Ернұрдың соңғы байланыс жасаған серверлерін іздестірумен айналысып, олардың орналасқан жерін анықтаған. Бұл іздеу – Жаһангердің жасырын мекеніне жол ашатын аса маңызды кілт еді. Ақырында, тергеу тобы Жаһангердің орнын тапты. Абылай Қайсенов дереу топты жинап, арнайы операцияға дайындық бастады. Бұл сəт – тергеудің шешуші кезеңі болатын. Барлау жұмыстары мен техникалық қолдау үйлестіріліп, уақыт əр минут сайын қымбатқа түсті. Жаһангердің қашуы істі ұзартуы мүмкін еді. Түнгі қала үнсіз. Жаңбыр тамшылары көше шамдарының жарығына шағылысып, асфальтта алтын сəулелермен ойнап жатыр. «Сұңқар» арнайы жасағы Жаһангердің жасырын мекеніне жақындап келеді. Əр қадамды сақтықпен басады. Радиобайланыс арқылы тек қысқа бұйрықтар ғана естіледі. Кенет, түннің үнін жарған жарылыс болып кетті. Бұл белгі ме, əлде тосын шабуыл ба? Жасақ мүшелері дереу əрекет етіп, шабуылға дайындалды. Қайсеновтің жүрегі дүрсілдеп, əр секундтың маңызын сезінді. Топты бастап келе жатқан полковник кенет аялдады. Орта бойлы, кең иықты, бойында салқын сабыр мен жүректілік дарыған ол – заң мен шындықтың шекарасында жүріп үйренген адам еді. Шұғыл операция кезінде жасырын мекенді күзеткен екі бірдей қарулы адам қолға түсті. Арнайы жасақ ғимаратқа енгенде оларды қараңғы дəліздер мен компьютерлердің жарығы қарсы алды. Түпкі бөлмедегі монитор алдында бір жас жігіт отырды. Ол бұрылып, сабырлы көзқараспен Қайсеновке қарады. Абылай тапаншасын тік ұстап, дауысын қатайта: – Қолыңды көтер! Сен ұсталдың! Ешқайда қаша алмайсың, – деді. Жаһангер сəл үнсіз қалды, сосын салқынқандылық танытты: – Менің айтарым бар. – Барлық жауапты тергеуде айтасың, – деді Қайсенов. Жаһангер орнынан қозғалған жоқ, көздері мазасыз күйде құқық қорғау өкіліне тік қарады. – Сендер не үшін келдіңдер? – деді ол салмақты жауап қатып. Үнінде қырағылық бар. – Қылмысың анықталды. Заң алдында жауап беруің керек, – деді Қайсенов өктем үнмен. Жаһангер басын шайқап: – Сендер жағдайды толық түсінбей жатырсыңдар, – деді. – Нені түсінбей жатырмыз? – деді нақтылай сұрады Абылай. – Мен өз ісімді əділет үшін күрес деп есептеймін! – деді Жаһангер. Тергеуші бір сəт ойланып қалды. Жаһангер – қаладағы ең беделді хакер. Оның күресі – əділетсіздікке қарсы үнсіз айқас. Балалық шақтағы отбасылық əділетсіздік пен жүйедегі жемқорлық оны күреске жетеледі. Топ мүшелері бір-біріне қарады. Қайсеновтің ойында сұрақ пайда болды: Жаһангердің сөзінде шындық бар ма? Немесе бұл бір айла ма? Бұл ойын əлі аяқталған жоқ. Жаһангер – бір тұлға ғана. Ал күрес көлеңкеде жалғасып жатыр. Жаңбыр астында тұрған Қайсенов ішкі ойымен арпалысып тұрды: «Заң мен əділет – бір жолдың екі жағы. Бірақ қай жағы жарық, қай жағы көлеңке екенін тек жүрек біледі». Тергеу бөлмесінде Қайсенов үстелге баяу отырды. Қарсы алдында – Жаһангер Сайран. Ол хакер – Дарын Көкжиеков еді. Жүзіндегі сабыр – алдамшы, артында бүлікшіл сана мен ашылмаған шындықтар бар. – Дарын, не үшін күрескеніңді түсінгім келеді. Бірақ əділеттілікті заңсыз жолмен орнатуға болмайды, – деді Қайсенов. Хакер тергеушіден көзін тайдырмай: – Мен де əділет іздедім. Бірақ сенің жолың – тұрақты. Мүмкін, біз бір ғана нəрсені əртүрлі жолмен іздеген шығармыз… Қайсеновтің жүрегі бір сəтке жұмсарып кеткендей болды. Тергеуші мен қылмыскер арасындағы бұл үнсіздік бəрінен терең еді. Сол сəтте сыртта жаңбыр сіркіреп тұрды. Іште күрестің шынайы мəні ғана қалды – ол шындық пен таңдаудың айырмашылығы. Келесі күні таң ата бере Дарын тергеу изоляторына ауыстырылды. Қаланың тыныш өмірі жалғасып жатқанымен, ішкі істер бөлімінде бұл іс ерекше бақылауда тұрды. Қайсенов сол түннен бері ойға батқан. Жаһангер – тек хакер емес, ол идеяның, наразылықтың жəне жүйеге сенімсіздіктің символы еді. Тергеу ұзаққа созылған сайын, Қайсенов шындықтың шетінен ғана ұстап тұрғандай күй кешті. Жаһангер қамауда, бірақ нағыз қауіп сыртта еді. Күнгейде – заң үстемдігі, көлеңкеде – бақылау, манипуляция, қорқыныш пен үмітсіздік билік жүргізді. Бір түнде терезе алдына хат тасталды: «Шындықты іздесең, айнаға емес, көлеңкеге қара». Қолжазба беймəлім, мазмұны суық. Ішкі істер бөлімінде белгісіз күштер тергеуге кедергі болды: құжаттар жоғалып, куəлар бас тартты. Қайсенов əділеттің тек заңмен өлшенбейтінін түсінді. Жүйе көлеңкеде əрекет етсе де, жарыққа шығатын күннің бар екеніне сену керек еді. Жаһангер қамалды, бірақ Қайсенов өзіне еркіндік сыйламады. Сыртта көрінбейтін күш сілкінді. Бір түннің ішінде бірнеше құжат жоғалып кетіп, телефоны тыңдалғанын сезді. «Бұл тек сыртқы қарсылық емес, – деді Қайсенов іштей. – Бұл жүйенің ішкі қорғанысы». Сол кезде телефонында белгісіз нөмірден бейнежазба пайда болды – Абылайдың қызы Еркеназ мектептен қайтып келе жатты. Таспаның төменгі жағында «Əділет іздеу – қауіпті хобби» деген жазу жарқырап тұрды. Қайсенов күмəн мен үрейдің құшағында тұрды, оның əр қадамына жүйе салмақ салып, сырлы тор құрғандай еді. Қазір оған дəлелден гөрі, таза сенім керек болды. Беймəлім күштердің жасырын қорқынышына қарсы күрес жүріп жатты, ал Қайсеновтің алдында тағдырды айқындайтын таңдау тұрды: шегіну – əділеттің өшуі, ал алға басу – өмірдің түбегейлі өзгеруі. Жүйе үнсіз отырмады, ол соққыға көшті, ал Қайсенов – күнгейдегі жалғыз шамшырақ еді. – Мен Жаһангердің кодтарының бір бөлігін зерттедім, – деді лейтенант Данияр Жандосов. – Ол тек бұзу үшін емес, нақты жүйені əшкерелеу үшін əрекет еткен. Бірақ оның артында көзге көрінбейтін, əлдеқайда күрделі күш бар. – Қандай күш? – Біз ойлағаннан биік, – деп жауап берді Данияр. – Жүйені сыртынан емес, ішінен басқаратын құпия құрылым. Қайсенов жоғалған деректердің резервтік іздерін тауып, Жаһангердің серверінде жасырын бір белгіге көз жеткізді. Бұл – хакердің де бақылауда болғанының айқын дəлелі. Жүйе оны басқарып қана қоймай, құрбандыққа да шалған еді. Іс Ішкі істер министрлігіне жеткенде, күтпеген өрт шықты. Бұл – жүйенің ішкі күштерінің істі жаппақ болған ашық саботажы еді. Қайсенов пен Данияр шұғыл келсе де, құжаттардың көбі жалынға оранды. Дегенмен, өрт басталғанға дейін кабинет қызметшілерінің бірі құпия түрде флешканы жеке қалтасына алып шығып үлгерген болатын. Сол кішкентай құрылғы Қайсенов үшін соңғы үмітке айналды. – Бұл жай өрт емес, – деді Қайсенов іштей. – Бұл жүйенің ашық қарсылығы. Бізге енді бұрынғыдан да сақтық керек. Өрттің артында кім тұрғаны белгісіз еді, бірақ оқиға істің қаншалықты күрделі əрі қауіпті екенін көрсетті. – Біз жалғыз емеспіз, – деді Қайсенов. – Біреу əлі де шындықты қалайды. Абылай үшін бұл жай істі жабу емес, ұстанымын сақтап қалу күресі болды. Жаһангердің шындығы мен жүйенің жалғандығы арасындағы шекара айқын емес еді. Қайсеновтің ішінде жаңа сенім пайда болды. Ол бұл күрес жеңіл болмайтынын түсінсе де, жарықтың қараңғылықты жеңетініне сенді. Флешкадағы деректер жүйенің терең құпиясын ашып, жаңа үміт сəулесін сыйлады. Абылай алға қарай батыл қадам бас ты. Күнгей мен көлеңкенің арасында əлі талай құпия мен күрес жатқанын жақсы түсінді. Бірақ əділеттің отын сөндірмеуге бекініп еді. Абылайдың жүрегінде үміт оты маздап жанып тұрды. Ол өзіне үнемі қайталап отыратын сөзді еске алды: «Əділет пен заң – екі жақты айна; қай жақтан қарасаң да, жүрегіңе үңіле біл». Түннің үнсіз сыбдыры сырлы сыр айтып тұрғандай, ол күрестің əлі аяқталмағанын сезді. Сот залындағы ауа қорғасындай еді. Терезе сыртында сіркіреген жаңбыр ішкі толқуды тереңдете түсіп, əр тамшысы тағдырдың соққысындай сезіледі. Айыпкер орнында – Жаһангер Сайран емес, шын атымен Дарын Көкжиеков отыр. Жүзі шаршаңқы, бірақ көзқарасы – сабырлы, ішкі дауылы тыншымаған адамның жанары. Судья үстел артында үнсіз қағаздарын шолып шықты да, тəртіп бойынша прокурорға сөз берді. Прокурор Ермек Құрманов орнынан көтеріліп, сыздықтаған, бірақ сенімді үнмен сөз бастады: – Құрметті сот! Дарын Көкжиеков – хакерлік əрекеттер арқылы елдің цифрлық қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндірген тұлға. Ол ақпараттық жүйелерге заңсыз еніп, маңызды деректерді бұрмалап, қоғамға дүрбелең тудыруы мүмкін əрекеттерге барған. Бұл – тек жеке наразылықтың көрінісі емес, тұтас мемлекеттік құрылымға деген сенімді əлсіретуге бағытталған жүйелі қылмыс. Прокурор сəл үзіліс жасап, көзқарасын айыпкерге бұрды да, сөзін жалғады: – Біз құқықтық мемлекетпіз. Əділет жеке сеніммен емес, заңмен өлшенеді. Сондықтан айыпкерді ҚР Қылмыстық кодексінің 205, 207, 272 жəне 274-баптары бойынша кінəлі деп танып, 10 жыл бас бостандығынан айыруды сұраймын. Прокурор орнына барып отырған сəтте, зал ішіндегі азаматтар арасында үнсіз, бірақ анық сезілетін екіұдай көңіл-күй тарады. Бірі Дарынның жазасын қолдаса, енді бірі – оны əділет жолындағы құрбан ретінде көрді. Судья сөз тізгінін адвокат Бекжан Садырға ұсынды. Орта жастағы, тəжірибелі маман, жылдар бойы жүйенің сенімді өкілі саналған заңгер. Бірақ бұл жолы оның үні бұрынғыдай қатты емес, даусында əлсіз діріл бар еді. – Құрметті сот, құрметті қатысушылар… – деп бастады ол, – Айыпкердің əрекеті заңнан тыс болғаны рас. Бірақ біз бұл істі тек заң аясында ғана емес, ар-ождан, адамгершілік тұрғысынан да қарауымыз керек. Дарын Көкжиеков – хаос тудырушы емес. Ол ешқандай материалдық пайда көздеген жоқ, ешкімге тікелей зиян келтірмеді. Оның ниеті – қоғамдағы əділетсіздікті əшкерелеу, жүйеге қарсы үн қату. Сот залындағы үнсіздік бір сəтке уақытты тоқтатқандай болды. Бекжан сөзін жалғастырды: – Егер қоғам əділетке жетпесе, үнсіздік – ең үлкен қылмыс. Дарын – сол үнсіздікке қарсы шыққан дауыстардың бірі. Біз бүгін оны қылмыскер деп атауға, əлде өз шындығын іздеген азамат па деп ойлануымыз керек. Бұл – тек жаза туралы емес, болашақ қоғам қандай болатыны жайлы шешім. Соттан жазаны жеңілдетуді сұраймын. Қорғаушының дауысында іштен тынған күрес, қорғансыз шындықтың жаңғырығы бар еді. Ол сөзінің жүйеге қарсы ештеңе өзгертпейтінін білетіндей. Құжаттардың жоғалуы, куəлардың бас тартуы, тергеу кезіндегі қателіктер – мұның бəрі айтылмаған. Жаңбыр əлі де сіркіреп жауып тұрды. Терезе əйнектеріне тамшы соққылары ғана соттың салмағын сездіріп тұрғандай еді. Судья басын изеп, соңғы рет: – Айыпкерге соңғы сөз беріледі – деді. Дарын Көкжиеков орнынан баяу тұрды. Даусы анық, сабырлы, бірақ ішкі күйзелісті жасыра алмаған: – Мен заңды бұзғанымды мойындаймын. Əділеттің жүзі əрдайым қағаздан көрінбейді, ол кейде шындық үшін соққан жүрек дүрсілінде естіледі. Мен өз шындығым үшін күрестім. Жүйені бұзу – мақсатым болған жоқ. Тек сол жүйе бізді елемей қойған сəтте, үнсіз қалу – сатқындықтай сезілді. Сондықтан айғайлауға мəжбүр болдым. – Ол бір сəт кідіріп, бар залға көз жүгіртті. Егер бір күні тарих мені түсінсе – сол мен үшін жеңіс. Ал егер түсінбесе – ол да шындықтың үнсіз бір қыры болып қала береді, – деді де, орындығына баяу отырды. Зал сілтідей тынды. Қара киімді судья мінберге көтерілді. Үкім қатты əрі анық оқылды, бірақ бұл қағаздағы жазадан гөрі, қоғамның бет-бейнесі туралы шешім еді: – Дарын Көкжиеков, Сіз ҚР Қылмыстық кодексінің 205, 207, 272 жəне 274-баптары бойынша кінəлі деп танылдыңыз. Сот үкімі: 7 жыл бас бостандығынан айыру. Сот балғасы соғылды. Қайсеновтің көзі Дарынға қадалды. Ішкі дауысынан айырылғандай, ол өзімен үнсіз сөйлесіп тұрды: «Дарын – қылмыскер ме, əлде жүйенің құрбандығы ма?». Қайсеновтің ойында беймаза күмəн жаңғырып жатты. Заң – оның кəсіби серігі болғанымен, дəл осы сəтте ол алғаш рет əділет кейде қағазға сыймайтынын түсінді. Жаһангер көзін тайдырмады. Оның жанарында айғай жоқ еді – бірақ сол үнсіздік Қайсеновке əлденені ескертіп тұрғандай болды. Жаңбыр терезені тықылдатып, қала үнсіздікке оранды. Бұл сəт – жанның қасіреті ғана емес, əділет пен жүйе арасындағы мəңгілік күрестің жалғасы еді.
Асхат ӨМІРБАЕВ