12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ОРАМАЛ

Алматы бүгін әдеттегідей  жаймашуақ. Шөкімдей бұлт айналып-айналып  жауа алмай кетті. Күздің басы  болғандықтан қаладағы  қарбалас күшейген. Көшенің сәні студенттер мен оқушылар сабағына асығады. Кептеліс көңіл күйді  бұзса  да Алматының тіршілігі толастамақ емес. Ерсілі-қарсылы жөңкілген адам, жүйіткіген көлік. Ақ пен  қараның жарысындай. Тіршіліктің тұрлаусыз екенін білсек те жарысамыз.

Осының бәрін терезеден тамашалап ойға   шомып отырған Еркінбековті әріптесі Дәулетовтің ;

-Оттығың бар ма деген дауысы  дауысы селк еткізді. 

— Шошып кеттім ғой, жөткірініп келмейсің бе? Мә! 

— Шошитын  қызсың ба?

-Ішің пысып тұрған сияқты ғой. Жұмысың жоқ па?

 Тағы  бірдеңе дей беруге оқтала беріп еді. Ойын шар еткен телефон дауысы  бұзды. Жалма-жан тұтқаны көтерген ол;

-Кезекші бөлім. Капитан Еркінбеков тыңдап тұр.

Медеу ауданының күштік құрылымы аяғынан тік тұрды. 

Көпқабатты үйдің пәтерінде  тұратын бір отбасын түгел қырып кеткен. Үш балалы ерлі-зайыптылардың әбден азаптап  өлтіріпті. Әйелді орамалмен  қылғындырған. Шұғыл жеткен  топ  жұмыстарына  кірісті. Қылмыскердің әккілігі сондай із қалдырмаған. Көршілерден де жауап алынды. Жұбайлардың артық мінезі  жоқ. Тату отбасы екендіктерін айтады  бірінің ауызына  бірі  түкіріп қойғандай. Пәтерге бейсаубет ешкім келмейді де екен. Қылмыс болған түні артық ауыс  дыбыс естілмеген.Көрдім-білдім екібастан жоқ.  Қылмысты іздестіру тобының басшысы полковник Қайсенов тығырыққа  тірелді. Ашумен учаскелік инпекторларды бір тықсырып алды.

-Жұмысты  қойғансыңдар. Кабинетте қалғып мүлгіп отырасыңдар. Мұрындарыңның астында адам бауыздап жатқанын білмейсіңдер. Резервке жіберем.

Сол екі арада  әлгінде сұратқан ақпараты  да жетті. Үй егесі 1981 жылы  туған Махатов  деген жігіт. Құрылыста жұмыс істейді. Атыраудан көшіп келген.

Зайыбы 1985 жылы  туған Сапарова Ақбота. №54 мектепте  ұстаздық  етеді. Марқұмдардың екі  баласы  оқушы, біреуі  балабақша жасында екен.

Полковник Абылай Әзімханұлы тергеушіге үй егесі  жұмыс істеген құрылыс компаниясына баруды  тапсырды. Ойы ілік сол жерден табылу керек.

-Қандай адам? Кімдермен араласады? Іше ме? Тіпті  жігітшілігі  жоқ па, бәрін анықтауды  тапсырды.

Сол екі арада сарафанный радио белсенді жұмыс істеп жатты.

«Қалада маньяк пайда  болыпты. Ойбай, не  дейсің, бауыздап қан ішеді. Бала-шаға деп қарамайды екен. Тіпті  күніге адам бауыздалып жатыр екен. Полициялар жасырып айтпай  отыр». Ауыздан-ауызға  түрленген оқиғаның бояуы  қалыңдай берді. Тұрғындардан тыныштық кетті. Қала  үрей  құшағында.

Тергеу  тобында  маза  жоқ. Құрылыс нысанына кеткен тергеуші бос келді. Айдар Махатов жұмысына адал, қарапайым жігіт. Жұмыс барысында анау-мынау келіспеушілік болғанымен жалпы өштесіп жүрген ешкімді  байқамадық. Анда-санда ащы судан ұрттайтыны  бар. Бірақ басбұзғанын көрмедіктен басқа ешқандай ақпарат  жоқ.

Ақбота жұмыс істейтін мектептің  ұстаздар қауымы әлі ес жия алмай  жүр. Сүйкімді әріптестерінің кісі  қолынан қаза болғаны төбелерінен жай  түсіргендей. Ұжымға келген 3 жылда  жаңашылдығымен, ізденімпаздығымен қатар, адал, жауапкершілдігімен көзге  түскен ол ортасында өте  сыйлы  болатын. Оқушы  тұрмақ, ата-анаға ұстаздығымен жаққан. 

Бастауыш  сынып бірлестік жетекшісі Ғалия апай;

-Ақбота десе Ақбота еді. Бір адаммен ищаласқанын көрмеппін. Белді мұғалім. Оның дұшпаны болуы мүмкін емес. Құдайға да  жақсы адам керек деген  рас шығар…

Ары  қарай тергеушінің сауалдарына жауап бергенімен өксігін тия алмай  отырды.

Қылмыс ашылмай  жатыр. Жоғары  жақтың төмпеші жиіледі. Қайсеновтен маза  қашты. Темекісін жартылай  шегіп, мыжғылап сәлден соң  жаңасын  тұтатады.Бұл оның мазасызданғанда жасар қылуасы. Әріптестері жағдайдың мәз емес екенін онсызда  түсініп отыр.

Тез арада жіптің ұшын ұстамаса министр басынан сипамасы анық. Тапсырмаларын берді  де киім ауыстырып алмақ болып үйіне тартты. Мұның түзде  жүргеніне  үйренген отбасы мүшелері түскі асты енді алдарына алып  жатыр екен. 

Қызының; Пап, бір кесе  шай ішші деп қиылғанына еріксіз тізе бүкті. Биыл орта  мектепті тәмамдайтын Еркеназы жалғыз қыз. Сосында ерке, әкесіне сөзі өтіп тұр. Әке жолын қуғысы келеді. Оған үзілді кесілді қарсы. Себебі  өзі жүріп өткен жолдың өрі мен ылдиы, ыстық-суығы  өзіне  мәлім. Негізі  үлкен ұлы Медғаттың да арманы  болған. Әке қарсылығы  жеңіп ІТ саласын кетті. Қазір  әжептәуір кәсіп  бастап жүр. Тек анда-санда киберқылмыспен  күресу бөліміне барамын да оқталатыны болмаса. 

Расымен, қазір әлемді цифрлық қауіп қармап тұр. Өткенде прокуратура өткізген жиында  дүниежүзінде күн сайын 2 мыңнан аса кибершабуыл жасалып, әр 39 секундта бір адам киберқылмыс құрбанына айналады дегенді естіген. Соңғы кездері ең жиі тіркелген киберқылмыс түрі — фишинг. Банк қызметкері немесе мекеме атынан жеке деректерді талап етіп, ауыздарын аңқитып кетіп жатыр. 

Толассыз ойдың шырмауында тамаққа қолын соза  берген. Зайыбы Айша өзінің бір  пациенткасы кешегі  қайтыс болған мұғалімді танитынын, мақтап отырғанын айтқанда  да аса  бір елең ете қойған жоқ.  Айшаның тоқтамай сөйлейтін әдеті  өзіне таныс. Отбасына да  көңіл бөлу керек. Ренжіп қалмасын деп тыңдаған болып отыр. Ойы сан сақта. 

…оның санасы да  дұрыс болып тұр ғой. Мектепке хиджаппен келген қызды кіргізбеймін деп бір мамашамен көп жұмыс істепті.  Әкесімен де сөзге келген.Шынымен 3 сыныптың қызына  хиджабы  несі деген Айшаны жолдасының;

— Қашан, кім ол пациентің, телефоны бар ма  деген Абылайдың екпіндете сөйлегені  абдыратып тастады.

Сасқалақтап, бар, бар дей  берді.

Айша айтқан келіншекпен кездесу уақытын белгілеп үйден  асығыс шықты. Өзі айналыспақ. 

3 сыныпта қызы  оқитын Айман сыныпқа  былтыр келген бір оқушы  қыздың ерсі әдеттері барын  балалардан естіген. Қызы Кәусар:  

-Мама, Фатима тамақ жейін деп жатсам біссіміллә  де. Әйтпесе  Ш мен  бірге тамақтанасың. Әлхамдулла де. Қыздар хиджап кию керек- деп жүр дегеніне  басында  мән бермеген. Күндердің күні ата-аналардың уатсап чатында сөз болады. Даудың аяғы мектептегі  жиналысқа  келіп тірелген. Сонда  байқағаны Фатиманың әкесі агрессияға  бейім екен. Иегіндегі бес тал  сақалы желбіреп, әйел біткенмен  сөз таластырып отырды. Сынып жетекші Ақбота ұстазға  саусақ шошайтып дөрекілік көрсеткен. Бірақ Ақбота  ұстаз сабырмен түсіндіріп, діни  киіммен мектепке кіргізбейтінін ұғындыруға тырысқан. 

Хош, сонымен  қырық кісі  бір жақ, қыңыр  кісі бір жақ  болған  жиналыс бітті. Езуі көпіршіген шоқша сақал кетеді қоқанлоққы көрсеткен күйі.

Кешке Фатима  да, анасы  да  сынып чатынан шығып кеткен. Ертесіне  сабақтан келген қызы Фатиманың мектептен кетіп қалғанын айтады.

Айманмен сыпайы  қоштасқан Абылай,  керек  болса  тағы  мазалайтынын ескертуді ұмытпады. 

Әлгі ата-ананы  тауып алса  жіптің ұшы  шығатындай көрініп тұр. Көлікті 54 мектепке апаратын жолға бұра  берді. 

Айманның айтқанының  бәрі ақиқат екен. Тек  өткен оқу  жылында  болған оқиға болғасын ұмытыла  бастаған. Мектеп басшылығы  үшін  көп проблемный        ата-ананың  бірі болғасын да  шығар. Әрі мектеп  маңайында күдік  тудырарлықтай ештеңе  көзге шалынбаған. Шығып  бара  жатып күзетшімен тілдесуді  де  ұмытпады. Айқайшы ата-ана кімнің есінде  қалмасын. 

-Қызын алып кетуге серый хюндаймен  келетін. Өзі  біртүрлі  жігіт.

Камераны қарау керек. Жылт еткен үмітін күзетшінің; Камераның записі 30 күннен  ары  сақталмайды деген дауысы  өшірді.

Қылмыс болған  үйдің маңайындағы дүкен-шаштараздардың камерасын  тексеріп шығуды қызметкеріне тапсырды. Өзі  бір айналып жетпек. Себебі сол екі арада Полиция департаментінің басшысы шақырған. 

Кіре іс барысын сұрады. Әзірге мардымды нәтиже  жоғын біліп тұрса  да. 

-Сені тісқаққан тергеуші, кәнігі  іс кесуші деп осы  істі тапсырдым. Иығың ауыр боп  жүрме деді нығырлай. Министр өлтіріп  болды ғой. Неге  аша алмай  жатырсыңдар? 

-Әзір ештеңе айта алмаймын  жолдас генерал. Уақыт беріңіз.

Медеу ауданындағы көше камераларын түгел сүзді. Дүкендердің бейнебақылауы екібастан. Біршама  серый хюндайға  тірелген  күдік ақталмады. Қылмыстың соңында  сабылып  жүріп шашының да  өскенін байқамапты. Маңайдағы  шаштаразға  кіре салуды ойлады. Қарапайым киіммен жүрген мұны ешкім орган қызметкері  деп те  ойламайды. Ашылғанын күтіп скамейкада қалғып отыр. Анадай жерге  3-4 әйел  келіп беседкаға отырды. Сары күртешелері  бар. Дәу де  болса аула  тазалаушылар. Дабырласып,  әкелген түскі астарын ішпек  сыңайлы.

-Өткендегі адам  өлтіргішті таппапты. Қазіргі  полиция дегенің сол ғой. Дұрыс жұмыс істемейді.

-Жақсы келіншек еді, апалап арасында  ыстық бәлішін беретін. Ешкіммен сөзге келгенін сөрмеппін. Тек өткенде аулада  бір сақалды таксиспен қатты  ұрысты. Анау  ұрып  жібере жаздады. Тек адамдар  болып  қалды.

Абылай Әзімханұлы  орнынан  қалай атып тұрып, әйелдерге  жетіп барғанын байқамай да қалды. Қалтасынан серый  хюндайдың иесінің фотосын көрсетіп;

-Мынау  ма, аулада  мұғаліммен жанжалдасқан?

-Иә, осы.

-Қасында ешкім болмады  ма?

-Байқамадым

-Не  айтты бір-біріне?

-Ақботаға сен ібіліс  қатынның кесірінен әйел-баламнан ажырастым. Түбіңе  жетем, тағы  бірдеңелер айтты. Есімде  жоқ. Адамдар жиналып қалғасын  жылыстап кетті. Ақботадан сұрап едім. Апа, ауру ғой, зомби. Не істей алар дейсіз. Мән бермеңіз,- деді.

Қайсеновтің күдігі қоюлана  түсті. Ақботаны орамалмен  қылғындырып өлтіріп еді ғой. Байланыс бар сияқты.

Әлгі мектептен  алған аты- жөндерімен мәлімет анықтауды тапсырған. Ішке  барып соны алмақ. 

Асқар Дүйсенов батыстың тумасы. Жұбайы қызылордалық. Еш жерде  тұрақты  жұмыс істемейді. Жұбайының әкесі  органнан отставкаға  шыққан. Бұрын телефон сатыпты. Кейін оны да  қойған. Алматыда еш жерде  тіркеуде  жоқ.

Түйсігіне сүйенсе қылмыскер  сол. Бірақ долбармен айып таға алмайсың. Із Қызылордаға бастап тұрған сияқты. Шұғыл   жолға  шығу  керек. Неде  болса зейнеттегі  әріптесімен сөйлесіп көрмек. Қызының, жиендерінің өмірі  қыл үстінде екенін айтса күйеубаласына қатысты  деректерін іркіп қалмас.

Ұшақ Қызылордаға түс ауа қонды. Бұл қалаға  көптен келуі. Өзгерістің көптігін әуежайдан-ақ байқап келеді. Күтіп алған әріптесінен іздеп келе  жатқан экс әріптесі  жайлы сұрады. Ардагерлер сапында анда-санда  көріп тұрады екен. 

Жеңіл-желпі тамақтана сала негізгі  шаруаға көшті. Экс әріптесі күйеубаласын көптен көрмегенін. Қызымен  ажырасып кеткенін айтты. Оны  өзіде  жобалап келіп отыр емес пе?

Қызына  бұрынғы  жолдасы туралы сұрақтары  барын  айтып еді қарсы  болған жоқ.

Еркіндеу сөйлету үшін оңашалау кафені таңдады. Жазира жалтақ, бірдеңеден үркіп отырғанын аңғармау мүмкін емес. Жолдасыммен біраздан бері сөйлеспеймін дегенмен  көз жанары көп нәрсені айтып тұрғандай. 

-Неге ажырастыңдар деген сауалға «Балалармен бірге  Сирияға кетіміз, жихад жасаймыз дегенінен қорықтым. Кетерде әке-шешеммен қоштасайын деп алдап осында келдім»,-деді.

-Ол сені  тыныш қойды ма?

-Басында  мазалаған, қазір мазаламайды.

— Білесің бе, ол Фатиманың  сынып  жетекшісін отбасымен қырып кеткенін?

Жазираның көзі бағжаң ете қалды да лезде  түрі сұп-сұр болып кетті. Тергеушінің су  ұсынып тұрып бірдеңені  жасыру  өзінің де,  балаларының  да  өміріне  қауіп екенін айтып тұрғаны басқа  ұрғандай есін жинатты.

Бір нүктеге қадалған Жазира кенет еңіреп жылап қоя  берді. Ділі  мықты  тергеуші болғанымен Қайсеновтің иі жұмсақ. Жазықсыз жапа , көз  жасы  дегенге жаны  төзбейді. Жазираның қазіргі күйінен шарасыздықты  жазбай  танып отыр.

-Аға, ол осында келем деген. Қалайда  бізді алып кетпек. Шекардан өтсек  біттік қой.

Қайсенов көмескі іздің анықтала бастағанын аңғарып тұр. Сондада  нақтылап алу керек.

-Мұғалім туралы ештеңе демеді ма  саған.

-Қызымның орамалын жұлғанның басын  жұлам деп жүрді. Мен ашумен айтып жүрген шығар десем. Өткен   айда телефонмен хабарласып «апайсымақты тозаққа жібердім» деді. 

Жазираның сөзінен көп нәрсеге  көз жеткендей.  Телефонға тыңдағыш қойып қылмыскердің хабарласқанын бақыламақ. Алматы мен екі арадағы облыстағы әріптестеріне хабарласайын деген ойынан айнып   қалды. Кім  біледі, органда  да сыбайластары  болса құлақтанып қалып, шекара асып кетер. Қызылордаға  бір соғары анық. Күткен қоңырау бейсенбіде соғылды. 

Күдігі алдамапты. Дүйсенов Қызылордаға келген екен. Шұғыла  мөлтек ауданынан пәтер жалдап алған. Қапысын тауып әйел-баласын алып кетпек. Жазира қорқытып, алдағанға көнер емес. Әкесінің қалқасында  отыр.  Сондықтан аңдап әрекет қылмақ Асқар.

Геолокация арқылы күдіктінің  орналасқан жері анықталды. Бірақ қасында  неше адам бар? Қандай  қаруы  бар? Оны  анықтау  мүмкін болмай  тұр.

Қызылорданың Полиция Департаментіне келген Қайсенов оқиға  барысын  Алматыға шұғыл баяндап,  арнайы жасақ сұрады. 

Асқар  Дүйсенов мықтап бекініп алған. Сыртқа  шықпайды, сырттан  ешкім кірмейді. Тіпті дүкенге де  барып жатқан  жоқ. Аңду,арбасу ұзаққа созылар түрі  бар. Не телефонмен сөйлеспейді, тым-тырыс. 

Бұл аралықта  арнайы жасақ  та келіп үлгерген. 

Үшінші күн дегенде телефонын бақылап отырғандар оның  фастфудқа  тапсырыс бергенін айтты. Оның көлеміне қарап бірнеше адам екенін шамалау  қиын емес еді  Қайсеновке. Екі  полиция қызметкерін жай адамдарша  киіндіріп тапсырысты беріп жіберді де, жасаққа  да тас-түйін тұруды  тапсырды. Бірақ  бұл әрекеттерінен түк шықпады. Дүйсенов есікті ашпай, тапсырысты  есіктің алдына  қойып  кете  беруді  бұйырған болатын. Әккі  неме қауіпті сезіп қойғандай. Басып кіру тағы  қауіпті. Көпқабатты үйде  қаншама бейбіт тұрғын бар. Зияны тиіп кетпеуіне кепіл жоқ. Әсіресе тұрғындар зардап шекпеуі  тиіс.

Түрлі  нұсқалар айтылып жатыр. Бірақ бірі көкейге қонар емес.  Дереу  қаланың коммуналдық қызметінің басшысын іздеді. Қасындағылар түсінбей  дал. Полиция дегесін зәре  ұшып кеткен-ау? Жұқалтаң   сарының дегбірі қашып кетіпті. 

-Мынау үйдің канализациясын қайда қуады болды алғашқы сұрағы.

-Өжіресі арқылы КНС-ке  (подвал)

-Дереу канализация  жұмыс істемей, қалдықтар пәтерге ағу керек.

Қайсеновтің жоспары  жүзеге асты. Арада  3 сағат өткенде Асқар Дүйсенов  пәтер иесіне қоңырау бебеулетті. 

-Туалеттің боғы  үйге ағып жатыр, демалу мүмкін емес. 

Тергеушілердің  үйреткеніндей үй егесі  де қаласа  сантехник жіберетінін айта  қойды. Жоғарғы  қабатта салақ көршілер тұратынын. Солар гигиеналық заттарды унитазға  тастап, проблема  қылатын да сөз арасына  қыстырды.  Сенімдірек  болу  үшін.

Сәлден соң сантехник киіміндегі Қайсенов пен «арыстандық»  қоңырау басып тұрды. Қолдарында құбыр тазалайтын құрал-саймандары. Аса  сақтықпен  есік ашқан Дүйсеновтің артына  қаруын жасырып тұрғанын кәнігі  тергеуші аңғарып  үлгерді. Одан арғысына көз ілескен жоқ. 

Асқар  Дүйсенов аса қатігездікпен бірнеше кісіні өлтіргенін көп бұлталақтамай мойындады. Шыныкөзденіп отырған одан титтей  де  өкініш  табы байқалмауы көп жайды аңғартқандай. Санасын әбден у  жайлаған.

      Үйтолған Жарекеева

  журналист

ІШКІ БІР ТҮЙСІК

Қалалық ІІД Тергеу басқармасының басшысы, полковник Абылай Қайсеновтің кабинетіне бір...

ҚАБІРДЕГІ ҚҰПИЯ

Айман марқұмның мәйіті жоғалып кетті... Бірнеше апта бұрын Айман әжей...

Хакердің қолтаңбасы

Қала жұрты шырт ұйқыға кеткенде әлдебіреу ақпарат жүйесіне ұрлана...

ҚИСЫҚ

Айдауыл Жаңбыр себелеп тұр. Алдымда балшық кешіп, аяғын әзер алып...

КӨМБЕСІ КӨП ЖЫЛДАР

(Детектив әңгіме) «Шуақты сити» мөлтек ауданы, 7-үй, 7-қабат, 77-пәтердегі Бұланның...